«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Астанадағы этноауылдарға 3 күнде 70 мыңнан астам адам кірді

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында Астанада 5 этноауыл жұмыс істеп тұр. Этноауылдар «Қазанат» ипподромы, «Қазақ елі» монументі, «Ататүрік» паркі, «Бәйтерек» монументі және Орталық саябақ аумақтарында орналасқан. 3 күн ішінде этноауылдарға 70 мыңнан астам елорданың тұрғыны мен қонағы кірген. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Этноауылдар келесі орындарда орналасқан:

10 гектар аумақта «Қазанат» ипподромының жанында «Көшпенділер Әлемі» этноауылы ашылды. Этноауыл 7-13 қыркүйек аралығында сағат 11.00-ден 21.00-ге дейін жұмыс істейді.

Этноауыл бірнеше орынға бөлінген: орталық алаң, ұлттық ойындарға арналған балалар ойын алаңы, халық музыкасына арналған шатыр, ашық аспан астындағы көшпелі Өркениеттер мұражайы, спорттық іс-шаралар, ұлттық тағамдар, басты сахна, аймақтардың этникалық қоныстары, қолөнершілері және Шығыс базары.

Этноауыл аумағында көптеген кәдесыйлар табуға болатын Шығыс базары ұйымдастырылған. Еліміздің екі жүзден астам қолөнершілері өз өнімдерін ұсынады.

Есіл ауданының аумағында «Бәйтерек» монументінің алаңында этноауыл ашылды. Сағат 11.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істейді.

Алматы ауданында этноауыл «Қазақ елі» монументінің жанында орналасқан. Ол 10.00-ден бастап ашылады, 23.00-ге дейін жұмыс істейді.

Байқоңыр ауданының аумағында этноауыл «Ататүрік» саябағында ұйымдастырылған. Этноауыл сағат 15.00-ден 20.00-ге дейін ашық.

Нұра ауданының аумағында этноауыл орталық саябақта ашылды. Сағат 12.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Этноауыл «Қазақстандық күн» монументінен (сағаты бар монумент) субұрқақ тостағанға дейін өтеді. Аллея бойымен өтіп бара жатып, тұрғындар мен қонақтар әртүрлі ұлттық ойындарға қатысу арқылы өздерінің күші мен ептілігін тексере алады.

Елорда тұрғындары, қонақтары мен ойын қатысушылары үшін барлық этноауылдарға кіру тегін. Ал Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының спорттық жарыстарына билеттермен ғана кіруге болады.

inform.kz

Ұқсас ақпараттар

«АБАЙ МУЗЕЙІНІҢ» АЙТАРЫ КӨП

admin_mugalzhar

АУДАН ӘКІМІ СПОРТШЫ ЕЛАМАН ҚОЙШЫБАЕВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

admin_mugalzhar

Найзағай, бұршақ, екпінді жел: Қазақстанда тұрақсыз ауа райы күтіледі

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.