«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«АУЫЛ АМАНАТЫ» — ТҰРҒЫНДАР ҮШІН ТИІМДІ ЖОБА

Аудан әкімдігінде аудан әкімі Дархан Ермағанбетовтың төрағалығымен «Ауыл аманаты» бағдарламасы мәселелері бойынша кәсіпкерлермен және қалалық, ауылдық округ әкімдерімен кездесу өтті.

Кездесуге «Ақтөбе әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқармасының төрағасы Әуез Таймбетов, «Ақтөбе әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқармасының жобалармен жұмыс департаменті директорының орынбасары Мира Шунаева және «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысушы кәсіпкерлер қатысты.

Кездесуде округ әкімдері жобаға қатысуға ниет білдірген азаматтарға қатысты мәліметтерін беріп, тұғындар арасында «Ауыл аманаты» жобасына қатысуға байланысты түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқандықтарын жеткізді.
Сонымен қатар кездесуде «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысушы кәсіпкерлер өздерінің толғандырған сауалдарын жолдап, жауаптарын алды.

Мұғалжар ауданы бойынша «Ауыл аманаты» жобасы басталғалы осы күнге дейін 1 млрд 332,6 млн.тенгеге 231 жоба қаржыландырылды. Атап айтсақ өткен жылы 669,7 млн.тенгеге 130 жоба биылғы жылдың осы күнге дейін 662,8 млн.тенгеге 101 жоба қаржылай қолдау тапты.

Кездесуден кейін «Ақтөбе әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқармасының төрағасы Әуез Таймбетов «Ауыл аманаты» бағдарламасы жобасына қатысушы қандыағаштық Әділ Катешовтың наубайханасының және жеке кәсіпкер Эдуард Саламаттың жылыжай кешенінің жұмыстарымен танысты.

Ұқсас ақпараттар

МҰҒАЛЖАР ҰМЫТПАЙДЫ АЙМҰРАТЫН…

admin_mugalzhar

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында «Ұлы Дала Ойындары» ұлттық спорт түрлерінен фестиваль өтті

admin_mugalzhar

ИОНДАУШЫ СӘУЛЕ КӨЗДЕРІ: ҚАУІПСІЗДІК МАҢЫЗДЫ!

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.