«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ядролық отынды пайдалану тәуекелі

Болашақта радиоактивті қалдықты қайта өңдеп, қажетке жаратуға отандық ғылым қабілетті ме? Әлем тәжірибесінде ядролық отын қалай өңделіп жүр? АЭС туралы әңгіме қозғай қалсақ, ядролық отынның жай-күйі міндетті түрде сөз болады.

өңдеу өндірістері бірқатар елде жұмыс істейді. Олар ПЯО-дан сақталып қалған пайдалы материалдарды бөліп алуға мүмкіндік береді. Кейін олар ядролық реакторға қайта жүктелетін жаңа отын өндірісінде қол­данылады.

ПЯО-ны қайта пайдалануға ғана емес, сонымен қатар ядролық реактор жұмыс істеп тұрған кезде отында пайда болатын, ПЯО радиоактивтілігіне негізгі үлес қосатын трансуран элементтерін қайта қатар пайдалану кезінде «күйдіруге» мүмкіндік беретін технологиялар жақсы дамып келеді. ПЯО-ны қайта өңдеумен айналысатын ірі өндірістер Франция, Үндістан, Ресейде жұмыс істейді. Қытай мен Жапонияда қанатқақты жобалар іске қосылды.

Отандық ғалымдардың да елімізде бұған дейін жұмыс істеген, жұмы­сын жал­ғастырып жатқан ядролық реак­тор­лар­дың ПЯО-мен қауіпсіз жұмыс істеу тәжірибесі бар. Мысалы, «Ұлттық ядролық орталық» бұрын Ақтауда жұмыс істеген БН-350 реакторының ПЯО-ны ұзақ уақыт қауіпсіз сақтауды қамтамасыз етеді.

ИВГ. 1М реакторынан шығарылған жоғары байытылған ПЯО-ны өңдеу технологиясы әзірленіп, жақын арада ол да іске асырылады. Оған МАГАТЭ сарап­шы­ларының тікелей оң сараптамалық қоры­тындысы берілді. Яғни пайдаланылған отынмен жұмыс істеу мәселесінде отандық мамандардың тәжірибесі мен біліктілігі жеткілікті. Оны болашақта атом электр стансасының пайдаланылған отынымен жұмыс істеу мәселесін шешуде қолдануға болады деп үлкен сеніммен айтуға болады.

Ерлан Батырбеков, физик-ғалым.

Ұқсас ақпараттар

ПАРИЖДЕ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫ БАСТАЛАДЫ

admin_mugalzhar

Қазақстан Халық партиясы Мәжіліске өткен депутаттарының кандидатурасын бекітті

admin_mugalzhar

ЗАМАНАУИ МАМАНДЫҚТАР БОЙЫНША КУРС ӨТУДЕ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.