«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Биыл еліміздегі шетелдіктерге 1 млрд теңге айыппұл салынды

Жыл басынан бері 63 мыңнан астам шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов айтты.

«Еліміздегі шетелдіктердің көпшілігі заңға бағынатын азаматтар. Бірақ заң талаптарын бұзатындар да бар. Биыл 63 мыңнан астам шетелдік әкімшілік жаупкершілікке тартылды. 1 млрд теңге сомасында айыппұл салынды», – деді А.Аталықов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, 11 мың шетелдіктің уақытша тұру мерзімі қысқартылды.

«7 700 шетелдік еліміздің аумағынан тыс шығарылды. Бұдан бөлек, шетелдік жұмыс күшін заңсыз тарқаны үшін 2 500 жұмыс берушіге айыппұл салынды. Уәкілетті органның тиісті рұқсатынсыз шетелдіктерді жұмысқа бірнеше рет заңсыз тарқаны үшін 7 жұмыс беруші қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр. Заңсыз көші қонды ұйымдастырғаны үшін полиция 46 қылмыстық іс қозғады», – деді комитет басшысы.

Ұқсас ақпараттар

Назарбаев Түркістан әуежайының ашылу рәсіміне қатысты

admin_mugalzhar

Ақтөбе арнайы экономикалық аймағы – тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартады

admin_mugalzhar

Интернетте СҚО ауылдарында жүрген қасқыр үйірі туралы видеолар тарады

admin_mugalzhar