«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбе арнайы экономикалық аймағы – тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартады

Дидар БОРАНҚҰЛОВ, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры:
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдағы сөзінде инвестиция тарту – экономиканы өсірудің басты кілті екенін атап өтті. Бүгінде ел Үкіметі бизнеске қажетті жағдай жасау бағытында жұмыс жүргізуде. Оған натуралды гранттар, инфрақұрылымға қолжетімділік және цифрлық шешімдер кіреді.
Инвестиция тарту мәселесі өте маңызды, себебі ол әрбір өңірдің экономикалық дамуына ықпал етеді. Жобалардың іске асырылуын бақылау үшін барлық мемлекеттік органдарды біріктіретін және жобаларды ыңғайлы сүйемелдеуді қамтамасыз ететін Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа іске қосылды. Бұл әр кезеңде туындайтын мәселелерге жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
Ақтөбе индустриялық аймағының аумағында қазіргі уақытта химия өнеркәсібі, құрылыс материалдарын өндіру, логистика, ақпараттық технологиялар, қағаз және полиэтилен қалдықтарын қайта өңдеу сияқты салаларда 15 жоба жүзеге асырылып, жалпы инвестиция көлемі 17,3 млрд теңгені құрады. Нәтижесінде 480-нен астам жаңа жұмыс орны ашылды. Алдағы жылдары тағы 11 жобаны іске қосу жоспарланып отыр, олардың жалпы инвестиция көлемі шамамен 77,4 млрд теңгені құрап, 767 жаңа жұмыс орнын ашады. Жалпы алғанда, Ақтөбе индустриялық аймағында іске асырылатын 26 инвестициялық жоба шамамен 94,7 млрд теңге көлемінде экономикалық және әлеуметтік тиімділік береді.
Сонымен қатар өңірді дамыту мақсатында Үкімет қаулысына сәйкес Ақтөбе арнайы экономикалық аймағы (АЭА) құрылды. АЭА аясында көлік-логистика бағытының 9 негізгі саласын және өнеркәсіптің 29 саласын дамыту жоспарланып отыр. Бұл экономикалық өсімнің жаңа серпініне айналады. Оның іске қосылуы өнеркәсіптің дамуына қолайлы жағдай жасап, инновациялық өндірістерді ынталандырып, жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етеді. Салықтық және кедендік жеңілдіктер, әкімшілік рәсімдердің жеңілдетілуі және заманауи инфрақұрылым ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды жеделдетеді.
Маңызды инвестициялық жобаларды қолдау үшін инвесторлар барлық қажетті рәсімдерден жедел және жеңілдетілген түрде өте алатын «Инвесторларға арналған жасыл дәліз» жүйесі енгізілді.
Мемлекет басшысы өз сөзінде Қазақстан инвесторлар үшін сенімді серіктеске айналуы керектігін, ол үшін ашық әрі тұрақты іскерлік орта қалыптастыру маңызды екенін атап өтті. Бұл бастамалар экономикалық өсімді ғана емес, ел азаматтарының өмір сүру сапасын жақсартуға да ықпал етеді.

Ұқсас ақпараттар

Бүгіннен бастап балағаттағандар 70 мың теңгеге жуық айыппұл арқалайды

admin_mugalzhar

ЕМБІДЕ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ

admin_mugalzhar

Теңге ілуден Қазақстан Ұлттық құрамасы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.