«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда 100 жастан асқан 423 адам бар

Елімізде 100 жасаған және одан асқан 423 адам бар. Жасы ең үлкен кейуана Ұлытау облысында тұрады, ақ жаулықты әжеміз биыл 114 жасқа толған туған күнін атап өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Ең көп өмір сүретіндер еліміздің оңтүстік өңірінде көп. Түркістан облысында 100 және одан жоғары жастағы 64 адам бар.

Ұзақ өмір сүрушілер саны бойынша елімізде екінші орында тұрған ірі қала – Алматы. Қазір Алматы қаласында 100 жастан асқан 48 адам тұрады.

Ұзақ өмір сүретіндер саны бойынша үшінші орында Алматы облысы тұр, онда 100 және одан жоғары жастағы 38 адам тұрады.

Ең қарт қазақстандықтардың үштігіне Ұлытау облысының тұрғыны – 114 жас, Павлодар облысы – 112 жас, Түркістан облысы – 110 жас кірді.

Жыл сайын бүкіл әлемде, оның ішінде Қазақстанда да 1 қазанда Халықаралық қарттар күні атап өтіледі. Бұл мерекені 1990 жылы 14 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 45 сессияда жариялады.

Оны өткізудің басты мақсаты – егде жастағы адамдардың мемлекет пен қоғам алдындағы еңбегін құрметтеу және тану, сондай-ақ олардың проблемалары мен қажеттіліктеріне, өмір сүру сапасын арттыру қажеттілігіне назар аудару, оларға жалпыға бірдей қамқорлық көрсету.

 

 

Ұқсас ақпараттар

АУДАНДА АХУАЛ ТҰРАҚТЫ

admin_mugalzhar

Үкімет: Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша 150 АЕК төленеді

admin_mugalzhar

Маман бір тәуліктен кейін WhatsApp-тағы хабарламаны қалай өшіруге болатынын айтты

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.