«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛАДЫ

Жем қаласында өткен халықпен кездесуде аудан әкімі және қала әкімі Ж.Бисенов атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Кездесу барысында қалаға келетін әскери бөлімнің қызметкерлеріне жұмыс жасау үшін тұрғын-үймен қамтамасыз ету мақсатында 10 көпқабатты тұрғын үйге «Актобе фурнитур компани» ЖШС-і кезең-кезеңмен жөндеу жұмыстарын жүргізетіні белгілі болды. Бүгінгі күні «Bazis-A» ЖШС-і әскери нысандар құрылысын бастап кетті.

Болашақта әскери бөлім қызметкерлеріне азық-түлікжәне кондитерлік дүкені, шаштараз, сұлулық салоны, аяқ киімді жөндеу, монша, ойын-сауық орталығы т.б. қызмет көрсету нысандары қажет болады. Аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің сектор меңгерушісі А.Жиенбай сол себепті жергілікті тұрғындарға осы бағытта кәсіптерін ашу және дамыту қажеттілігін жеткізді.

Кездесуде және аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Ғ.Дәрімбетов «Бастаубизнес» бағдарламасы аясында жаңадан кәсіп ашу мақсатында қайтарымсыз грант алу шарттары мен бизнес-жоспар дайындау ретін түсіндірді. Сонымен қатар Жем қаласында жақын арада «ATS REFINERY» ЖШС-імұнайды өңдейтін кәсіпорын өз жұмысын бастап, жаңа жұмыс орындары ашылады. Ғ.Дәрімбетов жаңа жұмыс орындарына жергілікті кадрлерді орналастыру бойынша жұмыстаржүргізетінінжеткізді. Ал аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің сектор меңгерушісіА.Жиенбаймемлекет тарапынан кәсіпкерлерді қолдауға арналған бағдарламалардың бағыттары туралы түсіндіріп, несие және субсидия алу ретін айтыпөтті.

Сондай-ақ Жем қалалық №3 аула клубының ғимаратына жөндеу жұмыстары барысында ғимараттың төбесі жабылып, бүгіндежаңадантерезелері салынып жатқаны айтылды. Қаладағы Әйтеке би, Бейбітшілік және Гагарин көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, тиісті құжаттары облыстық автомобильдік жолдар басқармасына ұсынылды. 2023 жылы Әйтеке би, 2024 жылы Гагарина мен Бейбітшілік көшесі жөнделеді.

Тұрғындардың өтініштері бойынша 8 көпқабатты тұрғын-үйді заңдастыру жұмыстары да аяқталды. Алдағы уақытта бұл пәтерлер тұрғын үй кезегінде тұрған адамдарға ұсынылады.

Ұқсас ақпараттар

ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚАМҚОР БОЛҒАН САЯСАТ

admin_mugalzhar

Биыл құрылысы ұзаққа созылған 22 нысан пайдалануға беріледі

admin_mugalzhar

Облыста 27 нысан «Ashyq» жобасынан шығарылды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.