«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

1 қазанда облыстың әлеуметтік нысандарына жылу беріледі

Алдағы жылыту маусымына әлеуметтік нысандар мен инженерлік желілерді дайындау жұмыстары кестеге сай жүргізілуде. Бүгінде жалпы дайындық 98% құрайды. Ақтөбе облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметінше жылыту маусымына жауапты мекемелер – «Ақтөбе ЖЭО» АҚ, «Энергосистема» ЖШС және «Aqtobe su-energy group» АҚ әзірлік паспорттарын алды. Бюджеттік ұйымдар үшін алдағы жылыту маусымына қажетті көмір отыны – 26 738,9 тонна және дизель отыны – 1 622,3 тонна толығымен жеткізілді.

«Биыл жылыту маусымында халық қажеттілігіне керекті 21500 тонна көмірдің 9233 тоннасы немесе 43% өңірге жеткізілді. Тағы 11 вагон көмір жақын күндері жеткізіледі. Қазіргі таңда 41-разъезде 3000 тонна көмір бар. Бағасы тоннасына 23 000 теңге», – дейді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Нұрберген Бекеев.

Атап өтейік, облыста 1 қазаннан бастап әлеуметтік нысандарға жылу беріледі. Ал тұрғын үйлер жылумен 15 қазаннан бастап қамтамасыз етіледі.

t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Ұқсас ақпараттар

ӘР ҮЙДЕ ГАЗЕТ БОЛУЫ ҚАЖЕТ!

admin_mugalzhar

АУДАН ШАРУАЛАРЫ МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

admin_mugalzhar

АЯУЛЫМ — АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.