«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанның Бас прокуроры балалардың арасындағы суицид толқыны жайында мәлімдеме жасады

ҚР Бас прокуроры Берік Асылов бүгін, 2024 жылғы 1 қазанда балалардың суицидтері туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Бұл туралы Бас прокурор Twitter-дегі парақшасында жазды.Оның айтуынша, балалардың суицид толқыны қоғамда резонанс тудырған.

«Балалардың өзіне-өзі қол жұмсау толқыны қоғамда резонанс тудырды. Прокурорларға әр факт бойынша тергеуді ерекше бақылауды тапсырдым. Жалпы, әлеуметтік желілер балалардың суицид белсенділігіне әсер ететіндіктен прокурорлар 15 мың зиян сайт пен сілтемені бұғаттауға қол жеткізді. Сондай-ақ, прокурорлар қиын тұрмыстық жағдайдағы отбасылармен жұмыс істеп жатыр. Бас прокуратура мемлекеттік органдармен бірлесіп, суицидтің алдын алу бойынша шұғыл шаралар кешенін әзірлейді», — деп жазды Асылов.

Ұқсас ақпараттар

Коронавирусты анықтауға арналған жаңа зертхана ашылды

admin_mugalzhar

АҚКЕМЕР АУЫЛЫНДА СПОРТ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

admin_mugalzhar

АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНДЕ — ЖАҢА БАСШЫ

admin_mugalzhar