«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ембіде ірі сауда орталығы ашылды

Кеше  аудан әкімі Ербол Данағұлов Ембі қаласына барған іссапары барысында қаладағы ең ірі «АдСаНа» сауда орталығының ашылу салтанатына қатысты.

90-шы жылдардан бері қаңырап, күні бүгінге дейін қаланың көркін қашырып тұрған ғимараттардың бірін қайта жаңғыртып, сауда орталығын ашқан жергілікті  жеке кәсіпкер Жұмабек Сарбасов. Ол 1 302 шаршы метрлік ғимаратты заман талабына сай жаңартып, сауда орталығын ашу үшін  «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының көмегімен «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 40 млн. қаражат алған. Қалаға жаңа рең қосып отырған ғимараттың бірінші қабатында азық-түлік супермаркеті бар. Ал екінші қабатында әсемдік салоны, асхана, фотосалон сынды 8 сауда нүктесі жұмыс істейді. Жеке кәсіпкер отбасылық бизнесті дамыта отырып, 40-тан астам адамды жұмыспен қамтып отыр. Шағын және орта бизнесті дамытудың негізі де осында жатқандығын айтты аудан басшысы өзінің құттықтау сөзінде. Себебі, осындай ауқымды жобасы бар кәсіпкерлер қатары көбейсе, мемлекет қазынасына түсетін салықтың да салмағы артып, жұмыс орындары ашылып әлеуметтің әлеуеті артады.

-Елбасының арқасында қазір ерінбей еңбек етем деген адамға мемлекет тарапынан қолдау көп. Мұны мен 90-шы жылдары заманның таршылығына қарамастан кәсіп бастаған кәсіпкер ретінде айта аламын. Ол кезде мұндай мүмкіндік болған емес. Керісінше, кәсіпкерлікке кедергі көп еді. Ал бүгін мүлдем бөлек. Сол Үкіметтің қолдауымен отбасылық бизнесті дамытып, тұрғындардың игілігіне қажетті осындай сауда орталығын аштық. Әлі де алда қомақты жоспарлар бар, дейді Жұмабек Сарбасов.

Әнуар ЕСҚАРА

Ұқсас ақпараттар

1881 отбасы біржолғы әлеуметтік төлем алды

admin_mugalzhar

ҚАУІПТІ ҚЫЗМЕТ — АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

admin_mugalzhar

Олжас Бектенов: Мемлекет ешкімді баспанасыз, далада қалдырмайды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.