«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР ЖАРЫЛЫСТЫҢ АЛДЫН АЛДЫ

Мұғалжар аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің өрт сөндірушілері Қандыағаш қаласындағы жекеменшік үйдің бірінің ауласында орналасқан гараждан шыққан өртті сөндірді.

Ақтөбеде облысы гарнизонның диспетчеріне Мұғалжар ауданындағы Қандыағаш қаласында жекеменшік үйдің бірінің ауласында орналасқан гараждан өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

Шақырту орнына дереу бағытталған өрт есептортарының құрамында болған №8 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі азаматтық қорғау аға сержанты Шамаков Данат пен өрт сөндіруші-құтқарушы азаматтық қорғау кіші сержанты Самрат Мейрамбек өртке оранған құрылыстан 2 газ баллоны мен жанармайы бар канистрды жедел түрде шығарып, жарылыстың алдын алды.

Өрт кәсіби өрт сөндірушілермен даму кезеңінде сөндіріліп, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ..

Ұқсас ақпараттар

Олжас Бектенов: өткен жылы Қазақстанда энергия тапшылығы 29%-ға төмендеді

admin_mugalzhar

САБЫНДЫКӨЛ АУЫЛЫНА АУЫЗ СУ ҰҢҒЫМАСЫ ОРНАТЫЛДЫ

admin_mugalzhar

«ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫ»: МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ШАБАНДОЗДАР БӘЙГЕ АЛАҢЫНДА

admin_mugalzhar