«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚҰТҚАРУШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Ақтөбе қаласының 155 жылдық мерей тойы аясында 19 қазан — Құтқарушылар күні мерекесіне орай орталық саябақта мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Бекболат Құлмағамбетов қатысып, азаматтық қорғау органдары саласының ардагерлерімен қызметкерлерін мерекелерімен құттықтады.

Аудан әкімінің орынбасары өз сөзінде бейбіт күннің батырларына алғыс білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі. Сонымен қатар, еліміздің азаматтық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы ерен еңбегі мен жүктелген міндеттерді үлкен жауапкершілікпен атқарғаны үшін бір төп өрт сөндіруші, құтқарушыларды аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапаттады.

Мерекелік іс-шара аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері дайындаған гала концертпен жалғасты.

Ұқсас ақпараттар

Биылғы оқу жылының ұзақтығы мен каникул мерзімдері бекітілді

admin_mugalzhar

ҚАЛА КӨШЕЛЕРІНДЕ СУ ШАШУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

admin_mugalzhar

Қазақстанда мұғалімдер кәсіби мерекесінің датасы өзгерді

admin_mugalzhar