«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Бағдат АБДУЛЛИНА, Жағабұлақ ауылы: САҒЫНЫШҚА ТОЛЫ ХАТТАР СЕЗІМІМІЗДІ НЫҒАЙТТЫ

— Біз бір-бірімізді мектепалды даярлық тобына барған кезден танимыз. 1989 жылы Жаңажол орта мектебінен 10-класты бірге бітірдік. 8-класқа дейін жолдасым Бердібек «Б» класында, ал мен «А» класында оқыдым. 9-класта екі класс біріктіріліп, сол кезден бастап екеуміз парталас болдық. Бір-бірімізге деген алғашқы сезімдеріміз осы уақыттан басталды. Үнемі айтатын әңгімеміз бен ойымызда бір жерден шығатын. Мектепті бітіргеннен кейін жолдасым әскер қатарына алынып, Германияда әскери борышын өтеді. Мен көрші ауылда балабақшада жұмыс жасадым. Сол кезде біздің басты байланыс құралымыз хат болатын. Қазіргідей телефон, интернет деген атымен жоқ еді. Ол әскерде болғанда мерекелер мен туған күндерімізде бір-бірімізге сезімге толы ашық хаттар жіберіп, хабар алмасып тұрдық. Бір-бірімізден сағынысып хат күтетінбіз. Сағынышқа толы хаттар біздің сезімімізді нығайтты деп үлкен сеніммен айта аламын. Бердібек әскерден абыроймен оралған соң, 1993 жылы шаңырақ көтеріп, үлгілі отбасылардың қатарына кірдік. Нұрайлым атты сұлу да, сымбатты қыз тәрбиелеп өсіріп, бүгінде қызымыз тұрмыс құрып, жиен немере сыйлады. Бір-бірімізді бала күнімізден танитын болғандықтан отбасылық өмірімізде айтарлықтай мәселе туындамады. Әрдайым түсіністікте, сыйластықта қарым-қатынаста жарасымды ғұмыр кешіп келеміз. Бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келе жатқанымызға биыл 29 жыл болады.
Мен үнемі отбасымда «ер адам әйел адамнан бір саты жоғары тұрады» деген қағиданы ұстанамын. Жастар бір-бірін сыйлап, жан-дүниесіне үңіліп, түсіністік таныта білсе, сезімдері де, «шағын мемлекет» деп аталатын отбасы да берік болады. Мен бұны өзімнің өмірлік тәжірибемнен айтып отырмын.
Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

РАМАЗАН ҚАРСАҢЫНДА ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ, БАС МҮФТИ НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫНЫҢ ҮНДЕУІ

admin_mugalzhar

Алдағы демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

admin_mugalzhar

КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТЫ НАЗАРДА

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.