«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТАЛДЫСАЙ АУЫЛЫНДА ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ

25 қазан — Республика күні мерекесі қарсаңында Талдысай ауылында 100 орындық жаңа мектеп ашылды.

Мектептің ашылу салтанатына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қазыбек Әлішев, Ақтөбе облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Артур Әуезов, Мұғалжар ауданының әкімі Дархан Ермағанбетов және ауыл тұрғындары қатысты.

Салтанатты іс-шарада Мәжіліс депутаты Қазыбек Әлішев, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Артур Әуезов, аудан басшысы Дархан Ермағанбетов ауыл тұрғындарын жаңа мектептің ашылуымен құттықтады.

Талдысай жалпы білім беретін орта мектебінде 24 мұғалім қызмет атқарып, 79 оқушы білім алады. Жаңа білім ошағы заманауи талаптарға сай жабдықталған. Сондай-ақ, кең, жайлы спорт зал мен асханасы бар.

Мектеп ауласында спорттық ойындарға арналған екі алаң және балалар ойын алаңы салынған, бұл оқушылардың дене дамуына және белсенді өмір салтын ұстануына ықпал етеді.

Мектептің құрылыс жұмыстарын «ПК Ерзат» ЖШС-і жүргізді.

Ұқсас ақпараттар

САЛТ-ДӘСТҮР – ТӘРБИЕ НЕГІЗІ

admin_mugalzhar

БАҚ қызметкерлері «Болашақ» бағдарламасымен шетелде тағылымдамадан өте алады

admin_mugalzhar

Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбе саммитінің қорытындылары өңірлік ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашатынына сенім білдірді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.