«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«Ақтөбе-Атырау» тас жолы жақын арада пайдалануға беріледі

«Ақтөбе-Атырау» тас жолы қараша айында толық қолданысқа беріледі. Қазір жарықтандыру, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Ал «Атырау-Астрахань» күре жолындағы жұмыстар жыл соңына дейін аяқталып, халық игілігіне берілмек. Құрылыстың сапалы, әрі уақытылы жүруін жауапты мамандар жіті бақылауда.
Көлік қозғалысы үшін ашылған жолдың игілігін Алға, Мұғалжар, Темір және Байғанин аудандарының тұрғындары қазірдің өзінде көріп отыр.
-«Ақтөбе-Атырау-Астрахань» тас жолының Ақтөбе облысындағы бөлігі 326 км. Жоба екі кезең бойынша жүзеге асты. Құны 113 млрд теңгеге жуық. Жаңғырту жұмыстары барысында жол бөлігінің 75 шақырымы бірінші, ал 251 шақырымы екінші техникалық санатқа ауыстырылып, екі жолағы 9 метрге дейін кеңейтілді, — деді «ЖАСҰО» РМК бас директоры Болатбек Айтбаев.
Оның сөзінше, осы уақытқа дейін жасалған жұмыс пен қолданған материалдардың бәрі техникалық талаптарға сәйкес келеді. Кепілдігі — бес жыл. Бес жыл ішінде қандай да бір ақаулықтар анықталып жатса, мердігер мекеме ол ақаулықтарды ретке келтіретін болады.

Ұқсас ақпараттар

Синоптиктер: Қазақстанда мамыр айында бірнеше облыста құрғақшылық болады

admin_mugalzhar

Ауылымның әр таңы алаңсыз еді…

admin_mugalzhar

ТҮРКИЯЛЫҚ ТУРИСТЕР МҰҒАЛЖАР АУДАНЫНДА БОЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.