Елімізде Республика күні қарсаңында қосымша пойыздар қатынайды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мереке күні қатынайтын қосымша пойыздар келесі бағыттар бойынша жолға шығады:
№ 630/629 пойызы «Ақтөбе-Шалқар» бағыты бойынша 2024 жылғы 22 қазаннан бастап күнара қатынайды;
204 пойызы «Астана-Шымкент» бағыты бойынша 2024 жылғы 21 қазаннан бастап күнделікті қатынайды;
№ 216 пойызы «Шымкент-Алматы» бағыты бойынша 2024 жылғы 22 қазаннан бастап күнделікті қатынайды;
№ 201 пойызы «Алматы-Астана» бағыты бойынша 2024 жылғы 23 қазаннан бастап күнделікті қатынайды.
Пойыз құрамында купе және плацкарт вагондары да болады.
25 және 27 қазанда «Қарағанды-Астана» бағытындағы электр пойызының бағыты Бурабай курорты станциясына дейін ұзартылады.
Астанадан сағат 10:40-та жөнелтіледі, Бурабайға сағат 13:15–те келеді;
Бурабайдан сағат 14:10-да кері жөнелтіледі, Астанаға сағат 17:00-де келеді.