«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Полиция жыл басынан бері 1 596 қылмыскерді ұстады

Жыл басынан бері криминалдық полиция 647 шетелдік қылмыскерді іздестіріп, ұстады. Осы соңғы айдың өзінде олардың 34-ін құрықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ -ке сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Мысалы, Қостанай облысында тәртіп сақшылары 44 жастағы Ресей азаматын ұстады. Ол 2021 жылы Бішкекте Қырғыз Республикасының лауазымды тұлғаларымен топ құрамында 7 миллион сомды иемденіп, сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған.

Солтүстік Қазақстан облысының аумағында Ресей Федерациясының құқық қорғау органдарымен іздеуде жүрген тағы бір шетелдік ұсталды. Ол 2023 жылы Түменде топ құрамында жергілікті тұрғыннан 300 мың рубль мен Toyota Camry автокөлігін бопсалаған.

Жалпы осы жылы Қазақстан полициясы 1 596 қылмыскерді ұстап, хабар-ошарсыз кеткен 1 058 адамның орналасқан жерін анықтады.

 

Ұқсас ақпараттар

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ — ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

admin_mugalzhar

Қазақстанда 14 мың ата-ана баласы өскенде ЖОО-да білім алуы үшін депозитке ақша жинап жатыр

admin_mugalzhar

Ақтөбеде мыңға жуық көлік қар құрсауында қалған

admin_mugalzhar