«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«Таза Қазақстан» бағдарламасы: Республика күні қарсаңында мәслихат депутаттары және Қоғамдық Кеңес мүшелері ағаш отырғызды

Бүгін, 2024 жылдың 22 қазан айында Ақтөбе қаласындағы «Дина» гипермаркеті ауданында Қазақстан Республикасының күніне орай ағаш отырғызу бойынша ауқымды акция өтті.

Іс-шара «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында облыстық және қалалық мәслихаттар депутаттарының, облыстық және қалалық Қоғамдық Кеңес мүшелерінің бастамасымен өтті.

Облыстық мәслихат депутаты Естай Сисенбай ағаш отырғызу — экологиялық таза болашаққа жасалған маңызды қадам екенін атап өтті.

— Бүгінгі акция  болашақ ұрпақ үшін жеміс беретін қаланы абаттандыруға қосқан үлесіміз. Біз барлық ақтөбеліктерді осындай іс-шараларға белсенді қатысуға шақырамыз, өйткені экологияға қамқорлық жасау  әрқайсымыздың міндетіміз, — деді халық қалаулысы.

Акция аясында 100-ге жуық ағаш отырғызылды, олар Ақтөбені безендіріп қана қоймай, осы шағын аудандағы экологиялық жағдайды жақсартуға септігін тигізеді. Жаңа екпелерге дұрыс күтім жасау үшін оларды суару ұйымдастырылған.

Қалалық мәслихат депутаты Денис Степанов:

— Облыс жастары «Таза Қазақстан» бағдарламасына белсенді қатысады, бұл әсіресе қуантады. Осындай акциялар өскелең ұрпаққа табиғатты қорғау қажеттілігін түсінуге тәрбиелейді. Біз бірлесіп өз қаламызды таза және жасыл ете аламыз.

Іс-шара «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Қазақстандағы экологияны арттыруға және табиғи ортаны жақсартуға бағытталған көгалдандыру жөніндегі кең науқанның бір бөлігі болды.

Бағдарламаны іске асыруға 405 мыңнан астам ақтөбелік қатысты.

Биылғы жылдың көктемі мен күзінде облыстың елді мекендерінде 350 мыңнан астам ағаш отырғызылды.

Сенбіліктер кезінде 98762 аула, 289 саябақ пен сквер жиналды, 206 су айдынының жағалауы, 85 мың метрден астам арық, 42 субұрқақ, 257 ескерткіштің айналасы қоқыстан тазартылды.

Аумақтарды жинауға және қоқысты шығаруға 5 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды, полигонға 71 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда соңғы жылдары түсірілген ең үздік сериалдар анықталды

admin_mugalzhar

Алғаш рет айға жеке ғарыш кемесі ұшырылды

admin_mugalzhar

«Дипломмен ауылға»: биыл 2,3 млрд теңге көтерме ақы бөлінбек

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.