«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МЕНІҢ РЕСПУБЛИКАМА – 25 ТҮП ЖАСЫЛ СЫЙ

25 қазан — Республика күні қарсаңында Қандыағаш қалалық №3 мектеп-гимназиясының 6 «Б» сынып оқушылары ата-аналармен бірге «Менің Республикама — 25 түп жасыл сый» атты ағаш отырғызу рәсімін өткізді.

Туған өлкенің табиғатын аялау, қамқор болу қасиеттерін сіңіру мақсатында өткен шараға сынып оқушысының әкесі Мұрат Серікбаев пен сыныптың жанашыр атасы Әлімбай Шакаров қатысып, тал егу рәсімін үлкен жауапкершілікпен атқарып, 25 түп қылқан жапырақты ағаш көшеттерін отырғызды. Ал мектеп директоры Данагүл Ибрашева тал егуге қажетті құрал-жабдықтармен және топырақпен қамтамасыз етті.

-Әкенің ұрпақ тәрбиелеуден бөлек рухани парызының бірі — бала туылғанда ағаш отырғызу. Оның мәнісі – сол ағаштай көгеріп, өсіп, жайқалып, жемісін беріп, тамырласын деген киелі ой-тілектен туған. «Қарағайға сүйеніп тал өсер» демекші, төрт-бес жылда бой көтеріп, оқушыларымыз мектеп бітіруші түлек атанғанда, мектеп ауласына сән беріп, көңіл ашар жұпар иісімен жайқалып тұрады деп ойлаймын, — деді сынып жетекшісі Б.Жанекешова.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

АУДАН ӘКІМІ СПОРТШЫ ЕЛАМАН ҚОЙШЫБАЕВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

admin_mugalzhar

Біріккен зейнетақы арқылы сақтандыру сыйлықақысын алыңыз

admin_mugalzhar

Ескі спорт алаңдарын жөндеу жұмыстары жанданады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.