«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ҰСТАЗДАР МЕН ОҚУШЫЛАР МЕГА-ФЕСТИВАЛГЕ ҚАТЫСТЫ

Ақтөбе қаласында «Шеберлер шеруі» мега-фестивалі өтті. Қолөнер шеберлері бас қосқан іс-шараға Мұғалжар ауданының ұстаздарымен оқушылары қатысты.

Олар Қандыағаш қалалық №5 жалпы білім беретін орта мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Гаухар Тулегенова мен Сағашилі жалпы білім беретін орта мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Дәметкен Сексенбай және оқушылары Айзада Әбенова, Назерке Қонысбай.

Мега-фестивалге қатысушылар өздері тіккен құрақ көрпені көрсетіп, ұлттық киім үлгілерін көрерменге паш етті. Сонымен қатар іс-шарада танымал ісмерлер шеберлік сағатын өткізді.

Ұқсас ақпараттар

КӨЛДЕНЕҢ ТЕМІР АУЫЛЫНА АУЫЗ СУ ҰҢҒЫМАСЫ ОРНАТЫЛАДЫ

admin_mugalzhar

Мемлекет басшысы референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды

admin_mugalzhar

Береке басы – бірлік

admin_mugalzhar