Жаңа жылдан бастап міндетті медициналық тексерулердің нәтижелері мен жұмысқа жіберілгенін растайтын жеке медициналық кітапшаларды беру, есепке алу және жүргізу тәртібі өзгереді. Жаңа заңнамаға сай, барлық деректер қызметкердің электрондық цифрлық қолтаңбасымен және медициналық мекеменің QR-кодымен куәландырылады. Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ерлан Бүркітов енді медициналық кітапшаларды беруді ресурстарды басқару жүйесінде тіркелген медициналық ұйымдар жүзеге асыратынын айтады.
Бүгінде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру жөнінде шаралар қабылданып, жеке медициналық кітапшаны беруді автоматтандыру процесі аяқталуға жақын. Бұл бағытта Smart bridg платформасында деректерді қабылдау бойынша қызметтер жариялануда.
—Қазіргі уақытта медициналық ақпараттық жүйелерді интеграциялау бойынша жұмыс жүргізілуде. Нәтижесінде «Е-Денсаулық» сервисі «жеке медициналық кітапша» модулінің деректерін қабылдауды бастайды. Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелермен синхрондау арқылы ЖМК модуліне автоматты түрде көшірілетін болады. Егер ақпарат болмаса, деректер қолмен енгізіледі. ЖМК иесі туралы ақпаратта кәсіп, лауазым, жұмыс орны, туған күні және тұрғылықты жері көрсетіледі. Медициналық тексеру — лердің, зертханалық зертт еу ле р д і ң нәтижелері , сондай-ақ өткен жұқпалы аурулар мен профилактикалық егулер туралы ақпарат медициналық ақпараттық жүйемен үндестіріліп, ЖМК-ға көшірілетін болады, — деді Ерлан Бүркітов.
Аталған құжат онлайн форматта да жүргізіліп, медициналық тексеруден өту уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Жұмысқа жіберу туралы рұқсаттама мөрін алу үшін терапевтке қайта бару қажеттілігін болдырмай, нәтижелерді Жеке кабинеттен алуға мүмкіндік жасалады.
Н.КЕСІКҚҰЛ