«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

230 ЖАС – «ЖАСТАР ТӘЖІРИБЕСІ» АЛАҢЫНДА

Жастар тәжірибесі» — көптеген жанның алғашқы еңбек жолында тәжірибе жинақтауына жол ашқан жоба. Бүгінде аталған бағдарламаға аудан бойынша 230 жас маман қатысып, тәжірибе жинақтауда.

Аудандық мансап орталығының мамандары «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы арқылы биыл жалпы саны 268 мұғалжарлық жасты жұмыспен қамту жоспарланғанын, бүгінде оның 230-ы жоба қатысушысы атанғанын мәлімдеді.

«Жастар тәжірибесі» — оқуды аяқтаған соң 5 жыл ішінде алған кәсібі немесе мамандығы бойынша жұмысқа орналасуды жүзеге асыратын еңбек қызметінің түрі. Түлектерді жұмысқа бейімдеу мақсатында ұйымдастырылатын бағдарламаға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары оқу орындарын аяқтаған түлектер қатысады. Тәжірибеден өтетін уақыттың ұзақтығы 12 айдан аспайды. Еңбекақылары да уақытылы беріледі. Қазіргі таңда «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына қатысып, тәжірибе жинақтап жүрген жастардың жұмысын қадағалау үшін мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Олардың жұмыс орнына барып, атқарып жүрген қызметтерімен танысудамыз, — деді мансап орталығының маманы Гүлназ Карина.

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбе облысында көктемгі дала жұмыстары басталғалы 27,5 мың гектар ауыл шаруашылығы дақылдары егілді

admin_mugalzhar

Ғалымдар коронавирусты бір секундта жойып жіберетін әдісті тапты

admin_mugalzhar

Жақсы өнім алуға мүмкіндік бар

admin_mugalzhar