«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбе облысында егін ору науқаны аяқталды

Астықтың сапасы жақсы. Орташа түсім гектарына 14,1 центнер.

Облыста 430 мың гектарға жуық алқаптан 606 мың тонна дән жиналды. Әсіресе, Мәртөк, Қарғалы, Хромтау аудандары мен Ақтөбе қаласының жанындағы шаруашылықтар мол өнім алған. Қазір элеваторларда 175 мың тонна астық бар. Оның 82 пайызы үшінші, 13 пайыздан астамы төртінші, 4 жарым пайызы бесінші класқа жатады. Ала жаздай көкөніс егіп тер төккен шаруалардың да еңбегі ақталды. 3,6 мың гектар алқаптан 62 мың тоннаға жуық картоп алынды. Биыл өсімдік шаруашылығын субсидиялауға 1,4 млрд теңге қаражат бөлінген болатын. Сондай-ақ, жеті жарым мың тоннаға жуық арзандатылған дизель отыны берілді. Нұрбек Райымбаев, ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:

Қарғалы ауданында 16,2 центнер, Мәртөк ауданында 18 центнер, Хромтау ауданында 14,5 центнер, Ақтөбе қаласында 15,9 центнерден астық алды. Бұл – өте жақсы көрсеткіш. Жыл басынан бері 173 мың тонна ауыл шаруашылығы дақылдары сырт елдерге экспортталды. Яғни, Ауғанстан, Өзбекстан, Иран, Тәжікстан және Италия елдеріне жөнелтілді.
Дереккөз«qazaqstan.tv»

Ұқсас ақпараттар

Ел тағдыры үшін әр азамат жауапты

admin_mugalzhar

ҚҰТҚАРУШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

admin_mugalzhar

Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге 413 мың тонна дизель отыны бөлінеді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.