«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖЕМ СТАНЦИЯСЫНДА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРА ӨТТІ

Жем станциясындағы Желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері қызмет көрсету аумағында профилактикалық іс-шара өткізді. Шараға “Алматы – Ақтөбе” бағытындағы №33 жолаушылар пойызының жолсеріктері, сондай-ақ Ембі қаласындағы №2 мектептің 9-сынып оқушылары қатысты.
Шара барысында қатысушылар Жем станциясындағы желілік полиция қызметкерлерінің және пойыз жолсеріктерінің күнделікті қызметімен таныстырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, полиция қызметкерлерінің теміржол объектілерінде қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстардың алдын алу, жолын кесу және болдырмау бағытындағы негізгі міндеттері түсіндірілді.
Профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу, балалардың құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтарды болдырмау мақсатында өткен шарада сонымен қатар теміржол полициясы қызметкерлерінің маңызды міндеттерінің бірі – азаматтардың белгіленбеген орындардан теміржолды жаппай кесіп өтуінің алдын алу екені атап өтілді.
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері ескертіліп, жасөспірімдер қылмысының алдын алу, кәмелетке толмағандар арасында әкімшілік құқықбұзушылықтарды анықтау, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз үйден тыс жерде жүруін болдырмау, балалардың жарақат алуы мен жазатайым оқиғалардың алдын алу мәселелері түсіндірілді. Сондай-ақ интернет-алаяқтықтың алдын алу, яғни жеке тұлғалар мен ұйымдарға интернет желісі арқылы жеке мәліметтер мен қаржыны берудің қауіптілігі туралы ақпарат берілді.
Іс-шараның барлық кезеңдерін бақылап, қатысушыларға түсіндірме жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуді қамтамасыз ете отырып, Жем станциясы Желілік полиция бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Т.Иманкулов іс-шараны қорытындылады. Ол балалардың қауіпсіздігіне, құқықтарын қорғауға және жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған аталған профилактикалық жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

#заңментәртіп

Ұқсас ақпараттар

«ДИПЛОММЕН АУЫЛҒА»: 3 МАМАН ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

admin_mugalzhar

ЖЕРЛЕСЖАС ӘРТІСТЕРДІҢ ЖҮЛДЕСІ

admin_mugalzhar

Еліміздің өз бағыты, өз жолы бар

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.