«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚЫЗҒАЛДАҚ ЖҰБАНОВАНЫҢ КИІМДЕРІ — МУЗЕЙ ҚОРЫНДА

Құдайберген Жұбановтың қызы Қызғалдақ Жұбанованың киімі, туфлиі, былғарыдан тігілген қол сөмкесі бүгінде аудандық тарихы-өлкетану музейінің қорында сақтаулы.

Қызғалдақ Құдайбергенқызы 1933 жылы ақпанда Алматы қаласында біртуар ғалым Құдайберген Жұбанов пен Раушан Оспанқызы отбасында дүниеге келді. Қызғалдақ алты ағайынды.
Қызғалдақ Жұбанованың туған апасы Мүслима Жұбанова өзінің “Әулет және заман белестері” атты кітабында сіңлісі Қызғалдақ туралы “Менің аңсап күткен ардақты сіңлім, олай дейтін себебім, Ақыраптан кейін Есет туғанда, “неге қыз тумай, ұл тудың?” Ертең Есет өскенде, Ақырап екеуі бірге ойнап кетіп, мен жалғыз қалып қоямын”, — деп жылаппын. Кейде Ақырап екеуміз әжемізді қорқытып: “Қаймақты біз де жейміз”, — деп ас үйге әдейі жүгірген боламыз. Сол кезде байғұс кемпір шынымен қор-қып, есікті екі қолымен керіп тұрып: “Қызғалдақ, Қызғалдақ, тез кел, мыналар жеп қояды”, — деп, Қызғалдақты шақырып, жанұшырады. Сонда, Қызғалдақ аспай-саспай келіп, қаймағын жейді. Әкеміз де Қызғалдақты ерекше жақсы көрді. Мамам қатарынан екі ұл туғасын, шамасы, ол да қыз болғанын қалады ғой деймін” деп әдемі естелігімен бөліседі. Сондай-ақ соңынан ерген сіңлісінің ақкөңіл, мейірімді, ашық, ақжарқын болып өскенін, қайратты, қолынан да, тілінен де іс келетін, жоқтан бар жасайтын қабілеті барын да айтады.
Қызғалдақ Жұбанова өз күшімен Ташкентке барып, Тамақ өндірісі институтына түскен. Онда екі жыл оқығаннан кейін, Алматыға келіп, ол кездегі С.Киров атындағы Қазақ университетінің экономика факультетіне ауысып, бітіріп шыққан. Әкесі ақталғаннан кейін, 1957 жылдан бастап әрбір өткен мерейтойлар мен конференцияларда өте мазмұнды фото-көрмелер ұйымдастырған. Оның жасаған көрмелері Ақтөбе, Астана қалаларына қойылған. Бұл ғалым әкесіне арнаған құнды қолтаңбаларының бірі еді.
Ол әкесінің құрметіне өткен мерейтойларда оқылған баяндамалар мен әке көзін көрген үлкен ғалым жазушылардың естеліктерін жинап, жинақ кітап шығарды. Жинақтың аты “Әкем — жарық жұлдызым” деп аталады. Өз мамандығы экономист бола тұра, жасаған бұл істері сүйікті әкесіне деген жүрек лүпілі, әкеден айырылған арманы, оған арнаған ескерткіші еді.

Қызғалдақ Жұбанова өз күшімен Ташкентке барып, Тамақ өндірісі институтына түскен. Онда екі жыл оқығаннан кейін, Алматыға келіп, ол кездегі С.Киров атындағы Қазақ университетінің экономика факультетіне ауысып, бітіріп шыққан. Әкесі ақталғаннан кейін, 1957 жылдан бастап әрбір өткен мерейтойлар мен конференцияларда өте мазмұнды фотокөрмелер ұйымдастырған. Оның жасаған көрмелері Ақтөбе, Астана қалаларына қойылған. Бұл ғалым әкесіне арнаған құнды қолтаңбаларының бірі еді.

Ол әкесінің құрметіне өткен мерейтойларда оқылған баяндамалар мен әке көзін көрген үлкен ғалым жазушылардың естеліктерін жинап, жинақ кітап шығарды. Жинақтың аты «Әкем — жарық жұлдызым» деп аталады. Өз мамандығы экономист бола тұра, жасаған бұл істері сүйікті әкесіне деген жүрек лүпілі, әкеден айырылған арманы, оған арнаған ескерткіші еді. Қызғалдақ Жұбанованың Дана Әли есімді жалғыз қызы бар. Ол өзінің анасы туралы естелігін көзіне жас алып, сағынышпен айтып берді.

Анамыздың айтуынша, сіңлісі Қырмызы тәтеміз аурушаң болыпты, содан кейін ақ мама яғни Раушан Жұбанова өзі қолымен баққан. Әжеміз де Қырмызы тәте де анамның қолында болды. Әжемізге деген махабаты, сүйіспеншілігінің арқасында үнемі қасында болып көмектесіп жүрді. Соның әсері болар менде анамды соңғы 4 жыл денсаулығына қарап, 90-ға жеткенше қамқорлығыма алдым. Анам — қасиетті асыл тұлғаның тұяғы. Ол өте ақжарқын, балаларды жақсы көретін. Өзінің балаларын, жиен немерелерінің аттарын атап, туылған күндеріне дейін есіне сақтап, бәрімен қарым-қатынасы керемет болатын. Туған-туыстарының бастарын біріктіріп, аталарының кім екенін айтып, оларға ақылдарын беріп, жас ұрпақтарға кімнің кім екенін таныстырып отыратын. «Тектіліктеріңді, қайдан шыққандарыңды ұмытпаңдар» деген өсиетін жиі айтқан. Анам Құдайберген Жұбановтың қызы ретіндегі борышын толық ақтады деп есептеймін. Адам өзін емес, ұрпақтарын тәрбиелеу керектігін қалыптастырды. Анамыздың тәрбиесі бүгінде өзіміз отбасылы болғанда өз пайдасын беруде. Қазіргі таңда жолдасыммен отау құрғаныма 40 жыл болды. Үш бала тәрбиелеп, немере сүйіп отырмыз. Мені музыкаға алып келген де анам. Ахмет Жұбанов атындағы мектепті бітірдім. Жетелеп алып келгені, мұғалім мамандығын таңдатқаны бәрі де есімде, — деді ол.

Дана Жұбанова-Әли мамандығы бойынша музыкант, пианист. Астанадағы Қазақстан Ұлттық Өнер университетінің фортепиано кафедрасының доценті. Қазіргі таңда жолдасының өкілетті елшісі ретінде жұмыс істеуіне байланысты Румыния елінде тұрады.

Лилия ШАМҒАЛИЕВА, музей қызметкері

 

Ұқсас ақпараттар

Кеңестік мультфильмдер қазақ тілінде көрсетіледі

admin_mugalzhar

АЭС — энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолы

admin_mugalzhar

Елімізде 2030 жылға қарай халық саны 21,5 миллионға жетуі мүмкін

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.