Көпбалалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградтау туралы Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Токаевтың Жарлығы шықты.
2024 жылдың қараша айында шыққан Президент Жарлығының тізімінде Мұғалжар ауданының да алтын құрсақты аналары бар. Аудан бойынша жалпы саны 44 көпбалалы ана наградталды. Оның ішінде 36 ана «Күміс алқамен», 8 ана «Алты алқамен» наградталды. Атап айтсақ, жеті және одан да көп баланы өмірге әкеліп, тәрбиелегені үшін Г.Ерғалиева, Б.Құрмашева, Ж.Мускалиева, Ж.Нургалиева, Г.Жанбылова, К.Елемесова, А.Есентлеуова, А.Әбілова алтыннан алқа тақса, ал алты бала туып, күміс алқа таққандардың қатарында Т.Жотина, П.Матниязова, Г.Сандибаева, Ә.Жұмабай, А.Черниязова, Р.Таскимбаева, А.Теленгусова, М.Еламанова, А.Жолекенова және тағы басқалар бар.
Еске салайық, «ҚР мемлекеттік наградалары туралы» ҚР Заңына сәйкес «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілері алты және жеті баланы дүниеге әкеліп, балалары бір жасқа толған соң және басқа балалары тірі болған жағдайда беріледі.
Н.ТІЛЕП