«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстандықтар келесі жылы жалпыға бірдей декларацияны тапсырмайды

Қазақстандықтар келесі жылы декларация тапсырудан босатылатын болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

 Үкімет отырысында Олжас Бектенов бұл жаңалықты мәлімдеді.
«Қаржы министрінің қалған санаттағы азаматтарды 2025 жылы мүлкі туралы декларацияны міндетті түрде тапсырудан босату туралы ұсынысын қолдаймын», – деді премьер-министр.
2025 жылдың 1 қаңтарында жалпыға бірдей декларацияның соңғы кезеңі басталуы керек еді. Яғни төртінші кезең бойынша 8 миллион адам, оның ішінде студенттер, үй шаруасындағы әйелдер, зейнеткерлер және басқа санаттар өздерінің кірістері мен мүлкі туралы есеп беруге тиіс болды.Қаржы министрлігіне тиісті заңнамалық түзетулерді дайындау тапсырылды.
Еске салсақ, бұған дейін бір топ қазақстандық жалпыға бірдей декларацияға қарсы шыққан еді. Петицияға бес жүзге жуық адам қол қойған. Ал құжат елу мыңнан астам қол жиналған жайдайда ғана қаралады делінген.

Ұқсас ақпараттар

Биыл Ақтөбе облысында 1,2 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі

admin_mugalzhar

ОКРУГ ТҰРҒЫНДАРЫ ДАУЫС БЕРУДЕ

admin_mugalzhar

ШЕТЕЛДІК КӨЛІКТІ ЗАҢДАСТЫРУ: 87 МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ӨТІНІМ БЕРГЕН

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.