«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕКІ АЙЛЫҚ: МАҚСАТ – ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКТІ ЖАЙҚАЛТУ

ЕЛ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКА КӨЛЕМІНДЕ БЕС АПТАЛЫҚ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫНЫҢ БАСТАУ АЛҒАНЫ БЕЛГІЛІ. ТАЗАЛЫҚҚА МӘН АРТҚАН МҰҒАЛЖАРЛЫҚТАР СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫНА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУДА. СЕНБІЛІК АЯСЫНДА АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ ӨЗ АУМАҒЫНДАҒЫ АУЛАЛАР МЕН КӨШЕЛЕРДІ ҚОҚЫСТАН ТАЗАЛАП, ТАЗАРТУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУДЕ.

ЕМБІ
Тазалықтың табалдырықтан басталатынын ескерген ембіліктер сенбілік жұмыстарына белсенді қатысуда. Ембі қаласының әкімі Райымбек Мұсағали қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау әрбір азаматтың басты міндеті екенін айтты. Қала көлемінде жүргізіліп жатқан тазалық жұмыстарына барлық мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарда, көшелерде тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Соның ішінде, қаланың кіреберіс аймағын, орталық көшелер мен әлеуметтік нысандардың айналасын толық қамтып, жинаған тұрғындар қоқыс қалдықтарын шығарып, ортақ мекеннің көркеюіне өз үлестерін қосуда.
Жүргізілген сенбілік нәтижесінде қала бойынша тазалық жұмыстарына 400 адам, 6 техника жұмылдырылған. Тазартылған аумақтардан 60 тонна тұрмыстық қалдық заттар мен қоқыс шығарылған. Қала көшелеріне 250 түп ағаш отырғызылған.
Сенбілік жұмыстары тұрғындардың табиғатқа деген жақсы қарымқатынасын қалыптастырып, қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға өз ықпалын жасайды. Қоңыр күз келгенде жылғалар бітеліп, айнала ластанатыны белгілі. Табиғаттың тынысын ашу мақсатында жол жиектері, арықтар күл-қоқыстардан тазалануда. Сондай-ақ, қаладағы барлық мектептер мен балабақшалардың, яғни барлық әлеуметтік нысандардың айналасына тазарту жұмыстары жүргізілді, — деді қала әкімі.


ЖЕМ
Қалада сенбілік жұмыстары қарқынды жүруде. Қала әкімі Жұматай Бисенов қала бойынша шамамен 40 тоннадан астам қоқыс жиналғанын жеткізді. Сенбілікке 300-ге жуық тұрғын қатысып, қала көшелерін, әлеуметтік нысандардың айналасын жинаған.
Тазалық жұмыстарына қала аумағындағы әлеуметтік мекемелерде қызмет жасайтын қызметкерлер мен барлық көп қабатты тұрғын үйлердің тұрғындары шығып, бір адамдай атсалысты. Жиналған қоқыстарды арнайы көлікпен қоқыс алаңдарына шығардық. Ембі-Жем аралығындағы тас жолдың бойы да толығымен жиналды. Қала бойынша 700 түп тал егу жоспарлан-ған еді. Бүгінде 432 түп терек пен қайың ағаштары отырғызылды. Алдағы уақытта қалған ағаштарды отырғызамыз. Сонымен бірге қа-лаға шырша және қарағай ағаштарын егуді де көздеп отырмыз. Бұл тал көшеттерінің барлығы демеушілікпен егілуде, — деді қала әкімі.

АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕР
Ауданға қарасты Батпақкөл ауылдық округінде көктемгі екі айлық сенбілік жұмыстары белсенді жүргізілуде. Округ әкімі Мейрамбек Боқашев сенбілік жұмыстары кезінде округ аумағынан 2 тоннадан астам қоқыс шығарылғанын айтты.
Округ аумағындағы орналасқан барлық мекемелердің қызметкерлері шығып, мекемелердің айналасын жинап, ауыл көшелерін тазалады. Бүгінде тал егу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сенбілік жұмыстарына бір арнайы техника жұмылдырылды. Сонымен бірге Жағабұлақ ауылындағы саябақта тазалық жұмыстары жүріп, талдар кесілді. Тал көшеттерін отырғызу бойынша биыл 1000 түп тал отырғызу жоспарланып отыр. Көшет отырғызу жұмыстарына «ҚазТрансОйл» мекемесі келіп өз үлестерін қосты, — деді округ әкімі Мейрамбек Боқашев.
Екі айлық сенбілікті белсенді жүргізіп жатқандардың қатарында жұрындықтар да бар. Жұрын ауылдық округінің әкімі Рамазан Үргенішбаев өткен аптада өткізілген сенбілік жұмыстарына жалпы саны 57 адам мен 1 техниканың жұмылдырылғанын жеткізді.
Сенбілік кезінде Жұрын ауылында жалпы саны 17 көше тазаланды. Ауыл көшелерінен жалпы көлемі 3 тоннадай қоқыс арнайы орындарға шығарылды. Тал көшеттерін отырғызу жұмыстарын осы аптада жасауды жоспарлап отырмыз, — деді округ әкімі.
Оның сөзінше, сенбілік жұмыстары округке қарасты елді мекендерде де жүргізілуде. Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округіне қарасты елді мекендерде сенбілік жұмыстары жалғасуда. Округ әкімі Ләззат Бердібаева ауыл аумағын тазарту жұмыстарына ауыл тұрғындарының белсенді атсалысып жатқанын жеткізді.
Сенбілік жұмыстарына округке қарасты барлық мекемелер мен шаруа қожалықтарының техникалары жұмылдырылды. Тазалық жұмыстарына шамамен 50-ге жуық адам қатысып, ауылымызды көріктендіріп, абаттандыруға өз үлестерін қосты. Екі арнайы техникамен шамамен 2 тонна қоқыс шығардық. Ауылдың барлық көшесін кезең-кезеңмен жинап жатырмыз. Бұл жұмыс әрі қарай да жалғасын табатын болады, — ауыл әкімі.


Ащысай ауылдық округіндегі елді мекендердің аумағы жиналып, 25 тонна қоқыс сыртқа шығарылған. Сонымен бірге ауылдық жерлердегі қоғамдық орындар мен көшелер де, аулалар да қоқыстан тазартылуда. Аумағы 2 гектар жерді құрайтын саябаққа тазарту жұмыстары жүргізілген. Округ бойынша 50- ге жуық тұрғын шығып, сенбілікке атсалысқан. Түрлі техникалары бар ауыл кәсіпкерлері қоқыстың шығарылуына өз үлестерін қосқан.
Сенбілікке ауыл тұрғындары белсене қатысты. Олар өз аулаларындағы қоқыстарды тазалап, қоршауды жөндеп, жиектерді, ағаштарды әктеді. Алдағы уақытта екі айлық сенбілік аясында жұмыстар жүйелі жүргі-зіліп, абаттандыру қолға алынатын болады, — деді ауыл әкімі Баймұрат Оразов.


Құмжарған ауылдық округінде жарияланған сенбілік аясында 50-ге жуық ауыл тұрғыны тазалық жұмыстарына өз үлестерін қосқан. Ауыл аумағын қыстан қалған қоқысты тазартуға арнайы 2 техника жұмылдырылып, 32 тонна қоқыс полигондарға шығарылған.
Өткен аптада ауылдағы мекеме қызметкерлері шығып, тазалық жұмыстарын жүргізген болатын. Енді осы аптада ауыл тұрғындары жаппай сенбілікке шығатын болады. Тұрғындар өздері тұ-ратын үй-жайларының айналасын толықтай жинап, қораларында жиналған қоқыстарды шығарады. Сонымен бірге Бірлік ауылындағы 7 көшеге 500 дана тал көшеттерін отырғызуды жоспарлап отырмыз, — деді округ әкімі Қанағат Қалиев.

Екі айлық сенбілік аясында қарқынды жұмыс жүргізіліп жатқан округтердің бірі – Еңбек ауылдық округі. Ауыл әкімі Аманбай Каюпов сенбілік жұмыстары күн сайын жүргізіліп жатқанын жеткізді.
Күн сайын 15-20 адам шығып, ауылдағы әлеуметтік нысандардың айналасын тазартуда. Қоқыс шығаруға арнайы 3 техника жұмылдырылып, 100 тоннадан астам күлқоқыс шығарылды. Әзірге тал егу жұмыстары басталмады. Бұл жұмыстарды алдағы уақытта жасайтын боламыз. Округке қатысты Сағашилі, Басшилі ауылдарындағы жалпы саны 13 көше толығымен тазартылды, — деді округ әкімі.
Мұғалжар ауылында өткен сенбілікке ауыл тұрғындары белсенді қатысуда. Ауыл әкімі Әлімжан Қорғанбайдың айтуынша, тазарту жұмыстарына арнайы техникалар жұмылдырылып, қыстан қалған тұрмыстық қоқыстар арнайы орынға шығарылуда. Ол сенбілік жұмыстары алдағы уақытта жалғасатынын айтты.


Тазалық жұмыстары басталғалы Егiндiбұлақ ауылдық округі бойынша 6 тонна қоқыс жиналған. Ауыл әкімі Әлімжан Андакулов округ аумағында барлық мекемелердің қызметкерлері атсалысқанын айтты. Аталған жұмыстарға арнайы 2 техника жұмылдырылып, 30 адам қатысқан. Алдағы уақытта ауылды абаттандыру жұмыстарының жүргізілетінін мәлімдеді.
Ақкемерліктер сенбілік аясында ауылда орналасқан әлеуметтік нысандардың айналасын тазалап, талдарды әктеуде. Ақкемер ауылдық округінің әкімі Дамир Қожаниязовтың айтуынша, сенбілікке округтен 40-қа жуық тұрғын қатысып, 2-тоннадан астам қоқыс жинаған. Сонымен бірге мекемелердің айналасына 50 түп тал көшеттері отырғызылған.

Қайыңды ауылдық округінде өтіп жатқан сенбілікке 50 адам жұмылдырылған. Ауыл әкімі Нұрболат Жалғас округ бойынша 10 тоннадан астам қоқыс шығарылғанын жеткізді. Жиналған қоқыстарды арнайы полигондарға шығаруға «AltynEx Соmpany» АҚ-ның басшылығы демеушілік көрсетіп, қоқыстарды шығаруға КаМАЗ және арнайы ауыр техника берген.
Өткен жылы Алтынды ауылында саябақтың құрылыс жұмыстары аяқталған еді. Бүгінде соның ішіне тал көшеттерін отырғызуды жоспарлап отырмыз. Тал көшеттерін отырғызуға да «AltynEx Соmpany» АҚ-ы демеушілік жасағалы отыр. Сенбілік жұмыстары мамыр айына дейін жалғасады, — деді Нұрболат Жалғас.


Өткізіліп жатқан сенбілік барысында Құмсай ауылындағы орта мектеп, дәрігерлік амбулатория, клуб, балабақша, ауыл әкімдігінің маңы толығымен қоқыстан тазартылған. Сонымен бірге Құмсай ауылында орналасқан 2 саябаққа да тазарту жұмыстары жүргізілген. Ауылдағы тазартылған алқаптың көлемі 2 гектарды құраған. Тазарту барысында 10 тонна жиналған қоқыс арнайы техникалармен қоқыс полигондарына шығарылған.
Қыстан қалған қоқыстарды жинауға Талдысай ауылдық округінің тұрғындары да атсалысты. Округтегі әлеуметтік нысандар мен мекемелердің қызметкерлері өздеріне тиесілі аумақты тазалап, 13 тоннаға жуық қоқысты арнайы полигонға шығарған. Округ әкімі Айбек Мұқанов округке қарасты екі елді мекен аумағы, жол бөгеттері, «Сағашилі-Талдысай» арасындағы жол бойы толығымен тазартылғанын хабарлады. Сенбілік жұмыстарына жалпы округ бойынша 60 адам, 2 техника жұмылдырылған. Сонымен бірге округ аумағына 250 түп ағаш отырғызылған.

Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ, Айгерім ДАРХАНҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

Денсаулық, білім беру, мәдениет, ғылым салалары жұмыскерлерінің орташа жалақысы өседі

admin_mugalzhar

«SPORT LIFE» — СПОРТ СҮЙЕР ҚАУЫМҮШІН

admin_mugalzhar

Қостанай облысындағы өртті сөндіріп жатқандарға 2 айлық еңбекақы көлемінде сыйақы беріледі

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.