«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТҮНГІ РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Оқушылардың түнгі уақытта көшелерде жүрмеуін қадағалау мақсатында аудандық білім бөліміне қарасты мектептердің еріктілері мен ұстаздары балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу үшін аудандық полиция бөлімімен рейд жұмыстарын жүргізуде.

Түнгі рейд шарасының басты мақсаты — жасөспірімдер арасында орын алатын құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің қауіпсіздігін, балалар құқығының қорғалуын қамтамасыз ету.

Рейд барысында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, еріктілер мен ұстаздар мөлтек аудан, дүкендер мен ойын-сауық орындарын аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Аталмыш бағыттағы рейдтік іс-шаралар алдағы уақытта тұрақты түрде өз жалғасын табатын болады.

Ұқсас ақпараттар

Дауыс беру үшін eGov Mobile қосымшасын пайдалану ұсынылды

admin_mugalzhar

21 АДАМ ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТҚА ИЕ БОЛДЫ

admin_mugalzhar

АЭС қолдаушылардың қатары тұрақты өсуде – үш сауалнаманың нәтижесі

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.