«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«ҚЫС-2024» КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТТІ

Бүгін ауданда «ҚЫС-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті. Оқу-жаттығу барысында авариялық-құтқару қызметі және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстар іске асырылды.


Яғни «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» республикалық маңызы бар тас жолында 112 пультіне 35-40 жолаушы тасымалдайтын автобус бұзылғандығы туралы дабыл сигналы түседі. Сонымен қатар автобуста жедел-жәрдем көмегіне мұқтаж жолаушы бар екені анықталды. Қиын жағдайға тап болған тұрғындарды эвакуациялау мақсатында өңірде жедел штаб құрылды.
Туындаған жағдайды жою үшін оқиға орнына аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің жедел тобы, жедел медициналық жәрдем көлігі, сондай-ақ адамдарды эвакуациялауға арналған техникалар жіберілді. Жалпы 30 адам мен 8 техника жұмылдырылды. Бұдан бөлек, зардап шеккен жолаушыға шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетілді.

Ұқсас ақпараттар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Аудан әкімін сайлаудың тиімді-тиімсіз тұстарын мұқият саралау керек

admin_mugalzhar

ТҰРҒЫНДАР ҰСЫНЫСЫ ШЕШІМІН ТАБУДА

admin_mugalzhar

“AQTOBE OPEN 2025”: Қандыағаштық спортшылар жүлдемен оралды

admin_mugalzhar