«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Мемлекет бұл мәселелерді шешу үшін қажетті барлық шараларды қабылдайды

Еркін Шүкірова,
«Ақтөбе облысы әйелдерінің аграрлық одағы» ҚБ төрағасы.
Қазақстанның ұлттық валютасы соңғы уақытта бірқатар өзгерістерге ұшырады. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Үкімет үйіндегі брифингте валюталық нарықтағы жағдай мен оның елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы әсері туралы мәлімдеді.
Үкімет валютаның өзгерістеріне байланысты халықтың және бизнес өкілдерінің алаңдаушылығын түсініп отыр. Сондықтан, мемлекеттік органдар мен Ұлттық банк валюталық нарықтың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін бірлескен шаралар қабылдауға ниетті. Министрдің айтуынша, ұлттық валютаның курсының өзгеруі негізінен сыртқы факторлардың әсерінен болды. Олардың ішінде – жаһандық доллар индексінің күшеюі, дүниежүзілік мұнай бағасының төмендеуі, Ресей рублінің әлсіреуі.
Байбазаровтың айтуынша, қазіргі жағдайда Үкіметтің басты міндеті – азаматтардың әлеуметтік жағдайын және әл-ауқатын нашарлатпау, сонымен бірге кәсіпкерлерге теріс әсердің алдын алу. Мемлекет бұл мәселелерді шешу үшін қажетті барлық шараларды қабылдайды. Ол үшін үкіметтің ресурстары мен құралдары жеткілікті.

Ұқсас ақпараттар

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНАЛАР

admin_mugalzhar

Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды

admin_mugalzhar

АЕК: 162 ОТБАСЫНЫҢ 825 АДАМЫНАН ӨТІНІШ ТҮСКЕН

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.