«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ӘЙЕЛ КҮЛСЕ, ӘЛЕМ КҮЛІП ТҰРҒАНДАЙ…

Акция аясында Жастар арасында дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегіорталықтың ақпараттық-түсіндіру тобыныңмүшесі, қоғаммен байланыс жөніндегі сектор менгерушісі Анар Абубакирова мендін жөніндегі маманы АрайӘбентаеваның ұйымдастыруымен Мұғалжар аудандық тарихи-өлкетану музейінде “Әйел күлсе, әлем күліп тұрғандай…” тақырыбында кездесу өткізілді.

Еркін форматта өткен кездесуге Мұғалжар аудандық әйелдерді зорлықзомбылықтан қорғау тобының инспекторы, полиция капитаны Жания Кужахметова, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Жұмагүл Асабаева, “KEREMED” клиникасының басшысы, гинеколог дәрігер Айсұлу Жанаева, Мұғалжар аудандық орталық ауруханасының психолог маманы Жаналтын Молдашева, “Қамқор” отбасын қолдау орталығының басшысы Салтанат Сұлтанова, Мұғалжараудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Лилия Шамғалиева және колледж студенттері қатысты.

Аталған жиында тәрбиелік мәні жоғары мәселелер қозғалып, тұрмыстық зорлық-зомбылық пен жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу жолдары туралы айтылып, зорлық-зомбылыққа дейін жеткізетін мәжбүрлікке бармауға кеңестер беріліп, келген мамандар кез келген уақытта әйелдерге психологиялық және құқықтық көмек көрсетуге дайын екендерін жеткізді.

Шарада полиция капитаны Жания Кужахметова көп айқайдың шығуына ішімдіктің де салдары бар екенін жеткізді. Әсіресе, маскүнемдіктің соңғы дәрежесіне дейін жетіп, әйелдің шыдамы таусылып, полицияның көмегіне жүгінуіне тура келетінін айтты. Алжиында сөз алған гинеколог дәрігер Айсұлу Жанаева үйінде зорлық-зомбылық көрген әйелдің ең бірінші денсаулығына қауіп болатынын баса айтты.

Зорлық зомбылық тек әйел мен ер адамның арасында ғана емес, ана мен бала, келін мен ене арасында да кездесетінін айтқан психолог Жаналтын Молдашева адамдардың көпшілігі осы тұрғыдан психологқа жүгінугеқымсынатынынқоса кетті. Сол себепті сұралған және берілген көмектің барлығы жасырын болатынын айтып, кім де кім психологиялық көмекке зәру болса, одан бас тартпауға кеңес берді. Ал отбасын қолдау орталығының басшысы Салтанат Сұлтанова жаңадан ашылған орталықта арнайы психолог пен заңгер мамандарының бар екендігін жеткізді.

Отбасындағы зорлық-зомбылық құрбандарының көпшілігі – моральдық тұрғыдағы мінеуден қорқып, құқық қорғау органдарына шағымданудан бас тартып жатады. Осыған сәйкес, әйелдердің құ-қықтық сауаттылығын арттырып, зорлық-зомбылықтың түрлері мен себептерін зерделеп, алдағы уақытта қылмыстық әрекеттерді болдырмау бағытында тиісті профилактикалық жұмыстар жасалуда, — деді ол.

Шара соңында кездесуді ұйымдастырған Анар Абубакирова келген мамандарға алғысын айтып, алдағы уақытта осындай шараларда белсенділік танытуға шақырды.

А.МАНАСБАЕВА

Ұқсас ақпараттар

ТОҚТАҢЫЗ! БАСЫП КЕТУ ҚАУІПІ БАР!

admin_mugalzhar

4 қарашадан бастап сайлаушылар өзі туралы деректерді тексере алады – ОСК

admin_mugalzhar

Ұшақ билеттері 9 000 теңгеден: Қазақстандықтар үшін алты қалаға ұшу құнының жартысын мемлекет төлейді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.