«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТӨРТ ЖОЛАҚТЫ ЖОЛ АШЫЛДЫ

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Ақтөбе облысында ұзындығы 96 шақырымды құрайтын республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Қандыағаш» автомобиль жолын қайта жаңарту бойынша негізгі жұмыстар аяқталып, төрт жолақты қозғалыс ашылды.


Ақтөбе облысындағы автожолдың жалпы ұзындығы 1869 шақырым, оның 117 шақырымында соңғы жылдары қайта жаңарту жұмыстары және 280 шақырымында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жөндеу жұмыстары барысында республикалық маңыздағы «Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы (Астраханға) автожолының учаскесі «Ақтөбе-Қандыағаш» көлік дәлізінің дамуына ерекше көңіл бөлінді.
Бұл дәліз аймақ пен еліміз үшін маңызды стратегиялық бағыттардың бірі. Ол Қазақстанды Ресеймен байланыстырып, Астраханға қарай шығуға мүмкіндік береді.

Ұқсас ақпараттар

Екі жылдың ішінде еліміздегі 100-ден астам мәдениет ошағы жөнделеді

admin_mugalzhar

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ — ЖАҢА КЕЗЕҢНІҢ БАСТАУЫ

admin_mugalzhar

Еңбек құқығы және мемлекеттік қызметшілердің қадір-қасиетінің қорғалуы

admin_mugalzhar