«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАН БЮДЖЕТІ БЕКІТІЛДІ

Аудан әкімдігінде аудандық мәслихаттың кезекті отызыншы сессиясының жалпы отырысы өтті. Аудандық мәслихат төрағасы Камшат Ермағамбетов төрағалық еткен биылғы жылдың соңғы сессиясында аудан бюджеті қаралып және Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдығы аталып өтті.

Сессияның күн тәртібінің бірінші мәселесі аудан бюджеті төңірегінде болып, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ғайният Асқаров «Ауданның 2024-2026 жылдарға арналған Мұғалжар аудандық бюджетін бекіту туралы» шеші-міне өзгерістер енгізу туралы және «2025-2027 жылдарға арналған Мұғалжар аудандық бюджетін бекіту туралы» баяндама жасады.

2024 жылға бекітілген бюджетке 5 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, 12 802,3 млн теңгеден 14 279,0 млн.теңгеге дейін ұлғайды. Сонымен қатар биылғы жылы ауданға республикалық бюджеттен 1 075,3 млн теңге, облыстық бюджеттен 6 57,3 млн теңге бөлініп, толықтай игерілді. Қазіргі таңда аудандық бюджеттік комиссияға түскен сұраныстар талқыланып, толық қанағаттандырылды. Ал 2025 жылға жоспарланған бюджет көлемі 13 750,4 млн теңге болып отыр. Келер жылға бөлініп отырған бюджет көлемі республикалық бюджеттен 966,3 мың теңге, облыстық бюджеттен 1077,5 мың теңгені құрайды, — деді ол.

Биыл Қазақстан мәслихаттарының құрылғанына — 30 жыл. Осы аралықта аудандық мәслихатта 1-8 шақырылымы бойынша 111 депутат өкілеттілік етіп, 324 сессия отырысы өтіп, мыңнан аса шешім қабылдан-ған. Мәслихат депуттаттарының араласуымен аудан аумағында күрделі мәселелер көтеріліп, оңды шешімін тапқан. Мерейлі мереке аясында жергілікті өкілді органның дамуына үлес қосқан жандар марапатқа ие болды. Атап айтатын болсақ, аудандық мәслихат төрағасы Камшат Ермағамбетов Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, Салауат Жұмағалиев Энергетика министрлігінің, Алмат Сматов Мәдениет және ақпарат министрлігінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен бірге мәслихат зейнеткерлері мен  аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлері «Қазақстан мәслихаттарына — 30 жыл» мерекелік медалін тақты.

 

Н.АБАТ

 

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда ипотекалық несиенің сыйақы мөлшерлемесі 2%-ға дейін төмендетіледі

admin_mugalzhar

Азаматтық қоғам да халық үніне құлақ асуы керек — А. Қожахметов

admin_mugalzhar

2727 КӘСІПКЕРЛІК НЫСАН ТЕКСЕРІЛДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.