«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚАЛАДАҒЫ ҚУРАҒАН АҒАШТАР КЕСІЛУДЕ

Бүгінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында Қандыағаш қаласында қураған ағаштарды кесу жұмыстары жүргізілуде. Қандыағаш қаласының әкімі Қазбек Аққайыр осы уақытқа дейін қала аумағында 200 талдың кесілгенін айтты.

Көше бойындағы қураған көпжылдық ағаштар қаланың көркін бұзып тұрғаны жасырын емес. Әбден қурап, құлауға айналған ағаштар маңайдағы тұрғындардың да өміріне қатер төндіреді. Сондықтан бүгінде аталған мәселе аса өзекті болып отыр.
Жүйесіз өсіп, қураған ағаштар көше бойынша тартылған инженерлік желілерге, тұрғын үй ғимараттарына кедергі келтіріп, тұрғындар тарапынан шағымданушылар көп. Өткен жылы мемлекеттік сатып алу порталы арқылы қураған ағаштарды кесу бойынша хабарландыру беріліп, жеңімпаз анықталып, 100-ге жуық ағаш кесілді. Бұл жұмыс биыл да жалғасын тауып, тағы да 100 ағаш ке-сілуде. Қураған ағаштарды кесіп, арнайы орындарға шығару үшін бюджеттен 3 млн теңге көлемінде қаржы бөлінді, — деді қала әкімі Қазбек Аққайыр.
Қала әкімі қала аумағындағы жүйесіз өскен талдарды кесумен қатар, абаттандыру жұмыстарының да атқарылып жатқанын жеткізді. Өткен жылы күзде қала аумағына 800 түп тал көшеттері отырғызылған.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

В Казахстане снова заработают театры, караоке и банкетные залы

admin_mugalzhar

Ақтөбелік хоккейші қыздар марапатталды

admin_mugalzhar

ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫН ЧИПТЕУ МІНДЕТТІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.