«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Биыл студенттердің стипендиясы 2 есе көбейеді

Мемлекет ЖОО студенттері үшін стипендияны ұлғайту бойынша жоспарлы жұмысты жалғастырып жатыр, — деп жазды kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Ғылым және жоғары білім министрлігі мәліметінше, 2025 жылы ЖОО және колледж студенттері үшін стипендия 2 есе, магистранттар мен докторанттар үшін 1,75 есе артады.

2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап бакалавриат студенттеріне стипендия 52 372 теңгеге дейін, ал педагогикалық және медициналық бағыттардағы білім алушыларға – 84 000 теңгеге дейін, магистранттарға – 117 098 теңгеге, докторанттарға – 262 500 теңгеге дейін өседі.

Интернатурада оқитын студенттерге стипендия – 94 862 теңге, ал резидентурада – 134 664 теңге көлемінде төленетін болады.

Емтихан сессиясын «өте жақсы» тапсырған жағдайда студенттердің жоғары стипендия алу мүмкіндігі сақталады.

Ұқсас ақпараттар

Енді «Болашақ» бағдарламасымен әлемнің тағы 25 оқу орнында білім алуға болады

admin_mugalzhar

ЛАГЕРЬ ДЕМАЛУШЫЛАРЫ АУДАН ОРТАЛЫҒЫНА САЯХАТ ЖАСАДЫ

admin_mugalzhar

ЖАНЫМНЫҢ БІР БӨЛШЕГІ – ПОЭЗИЯ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.