«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Мұғалжар ауданында автожолдарды дамытуға қатысты 21 жоба іске асырылуда

Облыс әкімі Асхат Шахаров Мұғалжар ауданына жұмыс сапары аясында жол жобаларының жүзеге асырылу барысымен танысты.

Биыл аудан аумағында жолдардың құрылысы, қайта жаңғырту, күрделі және орташа жөндеу бойынша 21 нысанда жұмыс жүргізілуде.

Жалпы аудандағы автомобиль жолдарының ұзындығы 680 шақырымды құрайды. Оның ішінде 210 шақырымы – республикалық, 64 шақырымы – облыстық, 406 шақырымы – аудандық маңыздағы жолдар. Биылғы жылы 55 шақырым жолда жұмыс жүріп жатыр, оның ішінде жол негізін дайындау және асфальттың төменгі қабатын төсеу бар.

Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары Жомарт Бақыткелдінің айтуынша, кейбір учаскелерде проблемалық аймақтар бар, алайда олар бойынша кепілдік міндеттемелер аясында жұмысты жалғастыру және қалпына келтіру туралы шешім қабылданған. Барлық қажетті құрылыс материалдары мен техника жеткілікті. 21 нысанның жұмысы аяқталғаннан кейін аудан бойынша асфальтталған жолдардың үлесі 77 пайызға жетеді.

Қандыағаш қаласы бойынша 8 жоба іске асырылуда: үшеуі – орташа жөндеу, үшеуі – қайта жаңғырту, екеуі – жаңа жолдар құрылысы. Құрылыс бойынша негізгі жұмыстар аяқталған, енді төменгі және жоғарғы асфальт қабатын төсеу қалды. Қайта жаңғырту жобаларында жол негізін дайындау жұмыстары жүріп жатыр, ал орташа жөндеу нысандарында төменгі қабат, содан соң, жоғарғы қабаты төселеді.

Н. Байғанин, А. Калиев және Ж. Жабаев көшелеріндегі жұмыстарды «TaF Company» ЖШС жүргізуде. Н. Байғанин көшесі – 1,78 шақырым, А. Калиев көшесі – 681 метр, бұл көшелер шілде айының соңына дейін толық жаңартылады. Кейін жұмыстар Ж. Жабаев көшесінде жалғасады.

Ұқсас ақпараттар

ПРОШЛИ УЧЕНИЯ СПАСАТЕЛЕЙ НА ЖЕЛЕЗНОЙ ДОРОГЕ

admin_mugalzhar

ЕМБІДЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ

admin_mugalzhar

ВО БЛАГО СЕЛЬЧАН

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.