«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

32-дүниежүзілік қысқы Универсиада – 2025 салтанатты ашылуы өтті

Италияның Турин қаласында студенттер арасында XXXII дүниежүзілік қысқы Универсиаданың салтанатты түрде ашылуы өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Қазақстанның көк туын хоккейден ұлттық құрама ойыншысы Абылайхан Сүлейменов пен фристайлшы Аяулым Әмренова ұстап шықты.

Ашылу салтанаты Inalpi Аренада өтті. XXXII дүниежүзілік қысқы Универсиада алауын жағуға Италия футболының аңыз ойыншысы, туриндик «Ювентус» клубының экс-капитаны, Евро-2020 чемпионы Джорджо Кьеллини де қатысты.

Қаңтардың 13-і мен 23-і аралығында өтетін дүбірлі додаға еліміздің намысын қорғауға 103 спортшы аттанды. Отандастарымыз Турин төрінде 10 спорт түрінен бәсекеге түспек.

Осыдан екі күн бұрын хоккейден ұлттық құрама дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындарында алғашқы ойынын өткізді. «А» тобында Қазақстан Швецияны 9:2 есебімен тас талқан етіп жеңді.

Алдағы уақытта Туринде әлемнің 54 елінен келген 1655 спортшы 11 сайыс түрінен жарысқа түседі. Универсиада ойындарын «Qazsport» арнасынан тікелей эфирде көре аласыздар.

Ұқсас ақпараттар

Борышкер мұғалжарлықтардан 2 миллион теңгеге жуық айыппұл өндірілді

admin_mugalzhar

ҚАНДЫАҒАШТА ДЗЮДОДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТУДЕ

admin_mugalzhar

35445 АДАМ ВАКЦИНА АЛСА, 18350 АДАМ РЕВАКЦИНАДАН ӨТТІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.