«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«ДИПЛОММЕН АУЫЛҒА»: 34 МАМАН КӨТЕРМЕ ЖӘРДЕМАҚЫ АЛДЫ

2009 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы аясында жалпы саны 154 маман жұмысқа орналасып, 128 маман бюджеттік несие алып тұрғын үймен қамтылған. Бұл туралы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің мамандары айтты.

Ал 2024 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен төрт маман жұмысқа орналасып, бюджеттік несие алған. Мамандардың сөзінше, бюджеттік несиеге республикалық бюджеттен 24 млн 819 мың теңге бөлінген.

2009 жылдан бастап аталған бағдарламамен 454 маман жұмысқа орналасып, 82 млн 887 мың теңге көлемінде бір жолғы көтерме жәрдемақы алды. Ал 128 млн маман бюджеттік несие алып, үйлі болды. Тұрғын үйге берілген несиенің көлемі 334 млн 924 мың теңге. Өткен жылдың өзінде аталған бағдарламамен білім саласында қызмет атқаратын 4 маман бюджеттік несие алып, үйлі болды. Атап айтатын болсам, Еңбек, Ақкемер, Талдысай, Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округтерінен үй сатып алды, — деді аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы Рүстем Нұрұлла.

Ал көтерме жәрдемақы алуға 2024 жылы жергілікті бюджеттен жалпы көлемі 12 млн 480 мың теңге бөлінген. Бұл қаржы осы жылы жұмысқа орналасып, өтініш білдірген 34 маманға аударылған. Атап айтатын болсақ, білім саласы бойынша 25 маманға, мәдениет саласы бойынша 3 маманға, ветеринария саласы бойынша 4 маманға, мемлекеттік қызметші бойынша 2 маманға берілген. Сонымен бірге ауылдық округтердің бөлінісі бойынша Ақкемер ауылдық округіндегі 9 маман, Егіндібұлақ ауылдық округіндегі 3 маман, Жұрын ауылдық округіндегі 1 маман, Жұбанов ауылдық округдегі 3 маман, Мұғалжар ауылдық округіндегі 4 маман, Қайыңды ауылдық округіндегі 2 маман, Еңбек ауылдық округідегі 3 маман, Батпақкөл ауылдық округіндегі 1 маман, Құмсай ауылдық округідегі 1 маман, Талдысай ауылдық округіндегі 5 маман көтерме жәрдемақы алған.

А.ДАРХАНҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

«ШУАҚТЫ КҮНДЕР» СЫЙЛАҒАН ШУАҚТЫ ӨМІР

admin_mugalzhar

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТКІЗДІ

admin_mugalzhar

Қазақстанда демалыс күнері тағы локдаун енгізіледі

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.