«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕМБІДЕ МАММОГРАФИЯЛЫҚ РЕНТГЕН ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ

ЕНДІ ЕМБІЛІК ӘЙЕЛДЕР АУДАН ЖӘНЕ ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНА САБЫЛМАЙ, ӨЗ ҚАЛАЛАРЫНАН ТЕКСЕРУДЕН ӨТЕ АЛАДЫ. СЕБЕБІ ЕМБІ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНДА ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДАҒЫ СҮТ БЕЗІНІҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІН ЕРТЕ АНЫҚТАЙТЫН ЗАМАНАУИ МАММОГРАФИЯ АППАРАТЫ ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ.

Аурухананың бас дәрігері Ерлан Бұхарбаев зерттеуді «AR-Mammo» деп аталатын заманауи маммографиялық рентген аппаратының көмегімен арнайы оқудан өткен білікті рентген-лаборант Салтанат Салықбаеваның жүргізетінін айтты.

Маммография дегеніміз – қатерлі және қатерсіз ісіктерді, сондай-ақ кисталар, фиброаденомалар, мастопатиялар және т.б. сияқты сүт бездерінің ауруларын анықтау үшін рентгенологиялық зерттеу әдісі болып табылады. 40 жастан жоғары әйелдерге түрлі аурулардың алдын алу және ауруды ерте анықтау мақсатында 2 жылда 1 рет маммографияға түсуді ұсынамыз. Ауырып мазалаған жағдайда өзінің учаскелік дәрігерінің жолдамасымен келіп тексерілуіне болады. Аппаратқа түсу уақыты бар болғаны бес минут уақытты алады. Ал дайын болуы – бір апта, — деді Ембі аудандық ауруханасының бас дәрігері Ерлан Телағысұлы.

Оның сөзінше, бүгінде Ембі аудандық ауруханасы бойынша тіркелген адам саны -18255. Оның 9220-сы — ер, 9035-і — әйел. Ал балалар саны – 6849. Жоғарыда тіркеуде тұрған тұрғындардың ішінде 2690-ы медициналық сақтандыру қорына жарна төлемеген, яғни денсаулықтары сақтандырылмаған.

Бүгінде медициналық сақтандыру жүйесі өзекті тақырыпқа айналып отыр. МӘМС жүйесінде қорға түскен қаражат сақтандырылған пациенттерге көрсетілген медкөмектің ақы-сын төлеуге жұмсалады. Медициналық көмекті алудың басты шарты — сол көмекке медициналық көрсеткіштің болуы. Сондықтан медициналық көмек алу құқығын барлық сақтандырылған азаматтар тек қажеттілігіне сай пайдаланады, — деді бас дәрігер Ерлан Бұхарбаев.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

РЕФЕРЕНДУМ ХАЛЫҚ ДАУСЫ ШЕШУШІ РӨЛ АТҚАРАДЫ

admin_mugalzhar

Балабақша жабылса, қызметкерлер жұмыссыз қала ма?

admin_mugalzhar

Ақтөбе өңірінде 1 061 тұрғын үйді су басты

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.