Дамылсыз даму мен үздіксіз жетілуді талап ететін бүгінгі қолжетімді интернет заманында газет оқудан қол үзбеген оқырмандардың бары қуантады. Оған жылдағы газетке жазылу науқаны кезінде көз жеткіземіз. Бүгін сол газетіміздің әр нөмірін асыға күтіп, аудан тынысын тыңғылықты оқитын оқырмандарымызды сөзге тарттық. Бұл сұрақ-жауапқа арналған «Мұғалжар және оқырман» айдары жыл бойы жалғасатын болады. Ендеше, сіздің де айтарыңыз болса, мархабат, оқырман!
- Құрметті оқырман, газет бетінен қандай мақала көргіңіз келеді?
- 2024 жылы жарияланған мақалалар ішінен есіңізде қалғаны бар ма?
- Сіз көлемді мақала оқисыз ба, әлде шағын ақпарат па?
- Газет ардагерлерінен кімді танисыз?
- Газетте қызмет атқаратын журналистер туралы білесіз бе?
Құрманғазы ЖАЛМАҒАМБЕТ, Қандыағаш қаласының тұрғыны:
- Аудандық «Мұғалжар» газетінен ауданымызға қатысты барлық жаңалықтарды оқығым келеді. Соның ішінде рухани-әдеби шығармалар көптеп жазылса екен деймін. Себебі қазіргі жастарда рухани құндылық жетіспейді. Көпшілігі қызылды-жасылды әлеуметтік желінің жеңіл дүниесіне әуес. Газет-журнал мен кітапты көп оқыған адамның ішкі дүниесі кең болатыны анық.
- Өткен жылы газет бетінде көптеген жақсы мақалалар шықты. Ауданымыздың құрметті азаматы, ардагер Амангелді Шунимов ағамыздың танымдық, тәрбиелік, тарихи туындылары да есімде қалды.
- Бірінші шағын ақпараттарды қарап өтіп, сосын көлемді мақалаларды да шолып шығамын.
- Осы ауданға қоныс аударғалы бұрын газет редакторы болған Қуаныш Кенжеғалиевті, Құрал Байсұлтанов, Салиха Букеева т.б. журналистерді жақсы білемін. 5.Бүгінде газетте қызмет етіп жүрген журналистерді жеке танимын деп айта алмаймын. Бірақ газеттің әр нөмірін қарап, аудан жаңалығын үнемі оқып жүргеннен кейін аты-жөндерін білемін.
Нұрбақыт ЕШОВА, Мұғалжар аудандық орталық кітапхананың бөлім меңгерушісі:
- Мұғалжар газетінің бетінде аудан жастарының әдеби шығармашылығына арналған арнайы айдар тұрақты түрде шығуына көңіл бөлінсе екен деймін. Сондажастардың шығармашылық әлеуетін толыққанды көруге мүмкіндік туареді. Олардың шығармашылығы кеңінен насихатталсадеймін. Газет — бұлтек ақпараттық алаң ғана емес, сондайақ жас авторлардың шығармаларын жариялауға арналған үлкен платформа деп есептеймін. Егер аудандық басылымда жастар шығармашылығы кеңінен насихатталса, олар өз туындыларын кеңірек аудиторияғатанытып, шығармашылықтарын дамыта алар еді. Бұл жас авторлардың өздеріне сенім артуына, шығармашылық жолда алға ұмтылуына үлкен демеу болары анық. Жарияланған шығармалар арқылы жастар арасында әдебиеттің маңыздылығы туралы түсінік енсе екен деймін. 2. Нақты мына мақала деп айта алмаймын. Жалпы ауданның мәдениет және өнер саласындағы жетістіктері мен танымал тұлғалары туралы мақалалар, қоғамдық шаралар мен аудандық мәдени іс-шаралар, фестивальдер, концерттер және көрмелер туралы мақалалармен қатар, ауданның тарихына қатысты маңызды оқиғалар мен тұлғалар туралы, тарихи орындар мен мәдени мұралар туралы материалдарды іздеп, қызыға отырып оқимын.
- Мен үшін көлемі маңызды емес. Қызықты тақырып болса, тартымды жазылған болса, көлеміне қарамай оқи беремін.
- Редакцияның машинасын жүргізген Сакен ағайдан бастап, Қуаныш Кенжеғалиев, ІзгілікТағанова, Күнжамал Темірбаева, Смағұл Құдабаев, Құралбай Байсұлтанов, Клара Ниязбекова, Салиха Бөкеева сынды ағай-апайларды жақсы танимын. Бір уақыттарда редакциямен бір ғимаратта жұмыс жасағанбыз. Сондықтан редакцияның оңай емес ішкі жұмыстарымен етене таныспын десем де болады. Ардагер болмаса да, айта кеткім келіп тұр. 2005-2006 жылдары Бану Жартина мен Гүлзира Наурызованың жастық романтизмге толы мақалаларын, олар жариялаған жаңа айдарларды күн санап асыға күтіп жүріп оқитынмын. Менің сол кездегі ішкі дүниеме үндес болғаннан болуы керек. Сол ерекше мақалалары әлі есімде.
- Газет ұжымының шығармашылық ізденістеріменжурналистікшеберлігі біз үшін үлгі болып табылады. Қазіргі Бану Жартина, Нұрғаным Кесікқұл, Зайырбек Есенжоловқа деген ішкі құрметім ерекше. Олардың жазған мақалалары, жасаған сараптамалары, таратқан ақпараттары әрбір оқырманның жүрегіне жол табады деп есептеймін. Олардың еңбектеріне деген шынайы құрметім мен алғысым шексіз. Газеттің әрбір саны, әрбір мақаласы — біздің өміріміздің бір бөлігі, ал сіздердің кәсіби жұмыстарыңыз — оның дамуы мен жетілуіне үлкен үлес қосуда. Алдағы уақытта да шығармашылық табыстар мен жаңа биіктерге жетіп, ауданымыздың ақпараттық алаңында белсенді қызмет атқара берулеріңізге тілектеспін. Сіздерге зор денсаулық, мол шығармашылық табыс тілеймін.
Жанара ЖУМАХАНҚЫЗЫ, психолог широкого профиля, корпоративный тренер:
1.В газете все понятно и полноценно написано. Я лишь хотела добавить немного мотивации для читателей, ну и увеличить их количество. Для подрастающего поколения, которые менее заинтересованы печатными изданиями, можно создать купоны, которые будут содержать определенные правила. Например, учащийся должен в течение недели собрать определенное количество баллов по основным предметам. Заполнить купон своими данными и ответить на вопрос в купоне. Вопрос может содержать как раз содержание выпускаемого тиража. Выполнив все задания купона, учащийся мог бы обменять купон на приятный бонус. Таким образом, идет классная выгода для всех. Это мотивация для учебы, желание выписывать газету и читать ее, так как нужно еще ответить на вопросы и увеличение продаж в пользу редакции. Бонус можно выбрать абсолютно любой, который мог бы быть интересным для учащегося.
- К большому сожалению, я не смогу конкретно ответить на данный вопрос.
3.Предпочитаю изучать в первую очередь свежие новости, а дальше уже увлекаться большими статьями и историями.
- Так как я не коренной житель этого города, мне неизвестны многие лица, в частности, ветераны.
- Благодаря социальным сетям, я поверхностно знакома с журналистами, редактором газеты «Мұғалжар», которые прекрасно доносят всю основную мысль и придают увлекательный вкус каждой статье. За что я им благодарна.
Айгерім АҒАЙДАРОВА, мұғалім:
- Ғасырға жуық тарихы бар «Мұғалжар» газеті – бүгінде өзінің сара жолын салып үлгерген аудандағы жалғыз басылым. Газет журналистері аудан тұрғындарына қажетті кез келген тақырыпта мақалалар жариялап тұрады. Сонымен бірге балаларға арналған айдарлар да бар. Мен ұстаз ретінде осы айдарлар әлі де жанданып, білімді, алғыр, өнерлі балалар көптеп жарияланса екен деймін. Себебі аудан мектептерінде бұндай балалар өте көп. Сондай-ақ газет бетінен оқушыларға қатысты ақпараттарды көргенде қуанып қаламын. Ал ол оқушы өзімнің шәкіртімнің бірі болса мен үшін үлкен мәртебе.
- Бүгінгідей ақпарат ағыны қатты жүріп тұрған кезде көп нәрсе есте қала бермейді. Барлық әлемде болып жатқан шексіз ақпараттарды қорытып үлгермейтініміз де анық. Аудандық газетті парақтау барысында білім саласына қатысты ауданның ақпараттарын жібермей оқимын. Сондай-ақ өзім қызмет атқаратын Қандыағаш қалалық №4 орта мектебінің де жетістіктерін көріп, қуанамын. Себебі бұл тақырып өзіме жақын. Сонымен бірге газеттің инстапарақшасында балаларға арналып, ұйымдастырылатын байқауларды көп байқаймын. Өткен жылдың соңында «Егіздер шеруі» атты байқау өте қызықты өтті. Сол байқауға қатысқан сүйкімді балақайлардың барлығына тілекші болдым.
- Қазіргідей уақыт тапшы кезеңде үлкен мақалаларды оқып отыруға уақытым бола бермейді. Шамам келгенше бір шолып шығуға тырысамын. Ал шағын, әрі нақты ақпараттарды жібермей оқимын.
- Қандыағаш қаласында тұрып жатқаныма он жылдан асты. Содан болар газетте бұрын қызмет атқарған журналистерді танымайды екенмін.
- Бүгінгі таңда газетте қызмет атқаратын тілшілерден Нұрғаным Кесікқұл мен Зайырбек Есенжоловты білемін. Нұрғаным Кесікқұл әлеуметтік тақырып төңірегінде көптеген материалдар жазады. Ал Зайырбек Есенжоловты шебер мобилограф ретінде білемін.
Оқырманмен сөйлескен: Н.КЕСІКҚҰЛ, А.АДЕН