«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУРУХАНА АУЛАСЫ ЖӨНДЕЛЕДІ

Биыл аудан орталығында орналасқан Мұғалжар аудандық аурухананың ауласы абаттандырылып, кіреберіс жолдары жөнделеді. Аталған аумақты жөндеуге бюджеттен 65 млн теңге бөлінген. 

Өткен жылы аталған аурухананың емханасы күрделі жөндеуден өткен болатын. Оған бюджеттен 123 млн теңге бөлініп, қасбеті жаңартылып, ғимараттың сырты арнайы жабындылармен қапталған еді. Емхана іші де толықтай жөнделіп, жаңа жиһаздармен жабдықталды.

Аудандық аурухананың бас дәрігері Мейіржан Кенжебаев аурухана ауласын абаттандыру жұмыстары мамыр айында басталатынын, құрылысты «ЖайықСити» ЖШС-і жүргізетінін айтты.

— Аурухана ауласының жалпы көлемі 4 гектар жерді құрайды. Жаяу жүргіншілер жүретін жолға 1052,0 шаршы метр жерге брусчатка төселеді. Автотұрақ алаңы мен кіреберіс жолдары асфальттанады. Аула ішіне демалатын орындар жасақталып, орындықтар қойылатын болады. Мақсатымыз — келуші науқастарға ыңғайлы жағдай жасау. Құрылыс жұмыстары таяу арада басталады деп күтіліп отыр, — деді Мейіржан Талғарұлы.

Н.КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

Аймағамбетов 4-7 жыл жұмыс істеген білім беру ұйымдарының басшылары ауысатынын айтты

admin_mugalzhar

2024 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 1,4 млн адам МӘСҚ-тан әлеуметтік төлем алды

admin_mugalzhar

Ақтөбедегі Қарғалы ауруханасында көптен күткен стационарлық орталық ашылды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.