Бүгінгі күні жұртшылықты жұмыспен қамту күн тәртібіндегі өзекті мәселе. Өйткені халықтың тұрмыс сапасын жақсарту, табысын арттыру бір жағынан жұмыспен қамтуды жүйелі түрде жүргізу арқылы орындалады.
Мұғалжар ауданында да жұмыспен қамту мәселесі назардан тыс емес. 2024 жылы аудан тұрғындарын жұмыспен қамту мақсатында түрлі бағдарламалар мен шаралар ұйымдастырылды.
2024 жылы Мұғалжар ауданы бойынша 1910 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Ақылы қоғамдық жұмысқа 473 адам қабылданып, әлеуметтік жұмыс орындарында 268 тұрғын еңбек етті. 245 жас «Жастар тәжірибесі» арқылы жұмысқа тұрса, алғашқы жұмыс орнына 17 тұрғын тіркелді.
Сонымен қатар «Ұрпақтар келісімшартымен» -7, «Күміс жас» жобасымен — 144 тұрғын қамтылды. Мемлекеттік қайтарымсыз грантқа 42 ие болып, қысқа мерзімді курстан 100 адам өтті.