«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Назгүл Баймұхамедқызы: Конституция жобасы әділетті қоғам қалыптастыруға арналған маңызды құжат

Жаңа Конституция жобасында адам құқықтары мен бостандықтарының мемлекеттің басты құндылығы ретінде айқындалуы Қазақстанның құқықтық және демократиялық дамуына серпін береді. Құжатта халықаралық стандарттардың ескерілуі, цифрлық қауіпсіздік пен жеке деректерді қорғауға басымдық берілуі азаматтардың еркіндігін күшейтіп, мемлекетке деген сенімді арттыруға бағытталған. Бұл туралы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің аға оқытушысы Назгүл Баймұхамедқызы Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жаңа Конституция жобасында адам құқықтары мен бостандықтарының мемлекеттің басты құндылығы ретінде көрсетілуі – Қазақстанның дамуы үшін маңызды қадам деп ойлаймын. Бұл мемлекеттің әрбір азаматтың қадір-қасиеті мен еркіндігін қорғауға ерекше мән беретінін білдіреді», дейді ол. 

Назгүл Баймұхамедқызы жобаға халықаралық адам құқықтары жөніндегі нормалардың енгізілуі Қазақстанның әлемдік қауымдастықпен байланысын нығайтатынын атап өтті.
«Азаматтардың жеке, әлеуметтік және саяси құқықтарының кеңеюі қоғамда әділдік пен теңдікті арттыруға көмектеседі. Өмір сүру құқығын қорғау, жеке деректердің қауіпсіздігі, «Миранда ережесінің» енгізілуі және цифрлық қауіпсіздікке көңіл бөлінуі қазіргі заман талабына сай келеді. Бұл азаматтардың құқықтарының жақсырақ қорғалуына және мемлекетке деген сенімнің артуына ықпал етеді», деп жазды ол.
Сонымен қатар, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, неке институтының тең құқықты одақ ретінде танылуы және білім беру жүйесінің зайырлы болуы қоғамдағы тұрақтылық пен адамгершілік құндылықтарды сақтауға бағытталған.
«Қорытындылай айтқанда, бұл Конституция жобасы – азаматтардың құқықтарын қорғауға, әділетті қоғам қалыптастыруға және елдің болашағын нығайтуға арналған маңызды құжат деп есептеймін», дейді аға оқытушы.

Ұқсас ақпараттар

АЭС ТАҚЫРЫБЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

admin_mugalzhar

Қазақстанда 900 мың тоннадан астам картоп жиналды

admin_mugalzhar

ЖЕРЛЕСТЕР АЛДЫНДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК — БАТЫЛ ҚАДАМҒА ЖОЛ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.