«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

9 өңірде гидротехникалық құрылысжайларға қатысты ұйымдар құрылды

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында еліміздің 9 өңірінде коммуналдық меншіктегі гидротехникалық құрылысжайларды пайдалану және басқару бойынша мамандандырылған ұйымдар құрылды, деп хабарлайды BAQ.KZ сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің аппарат жиналысында жаңадан ашылған мекемелердің жұмысы қарастырылды.

Атап айтқанда, арнайы мекемелер Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Жетісу және Абай облыстарында жұмысын бастады. Осылайша, еліміздегі коммуналдық меншіктегі гидротехникалық құрылысжайларды пайдалану және басқару бойынша мамандандырылған ұйымдардың жалпы саны 15-ке жетті.

Бүгінгі таңда Су ресурстары және ирригация министрлігі жаңадан ашылған мамандандырылған ұйымдардың функцияларын, міндеттері мен өкілеттіктерін реттеу үшін нормативтi-құқықтық базаны жетілдіру жұмысын жүргізуде.

Әкімдіктер жаңадан ашылған арнайы мекемелерге білікті мамандарды тарту мәселесін қарастыруы қажет. Ол үшін мамандардың еңбекақысын көтеру, баспанамен қамту және де тағы да басқа қолдау іс-шараларын енгізген жөн. Бұдан бөлек, мекемелерді арнайы техника және құрал-жабдықмен қамтамасыз ету керек, — деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Ұқсас ақпараттар

«Ақтөбе – тарының астанасы»: гастрофестиваль өңірдің гастрономиялық брендін нығайтып, мыңдаған қонақты жинады  

admin_mugalzhar

Түркия Жоғары сайлау кеңесінің төрағасы Қазақстандағы референдумға оң баға берді

admin_mugalzhar

Еліміздің бүкіл өңірінде онкологтар тегін кеңес берді

admin_mugalzhar