«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Еліміздегі 20 ЖОО базасына жасанды интеллект бойынша мамандар даярлау бағдарламасы енгізілді

Қазақстанда 20 жоғары оқу орнының базасында жасанды интеллект бойынша мамандар даярлау қолға алынды. Бұл туралы Прездиент қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр мәлімдеді.

Бұдан бөлек, Олжас Бектеновтің айтуынша, елімізде «Болашақ» бағдарламасы аясында жеке квота енгізілген.
Айта кетейік, бұл бағытқа Қазақстан басшылығы ерекше көңіл бөліп отыр. Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Астанада Халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылады. Сондай-ақ  «AI-Sana» бағдарламасы енгізілді. Оның аясында биыл 100 мың студентке экономиканың түрлі саласына ЖИ енгізу бойынша қолданбалы дағдылар оқытылады.
Astana Hub табысты стартап-жобалар дайындайтын тиімді алаңға айналды. Бүгінде онда өнімдерін әлемнің  түрлі еліне экспорттайтын 1,6 мыңға жуық IT-компания тіркелген.

Ұқсас ақпараттар

Елімізде дәрі-дәрмек бағасы арзандайды

admin_mugalzhar

Бірінші сынып оқушыларына қыста қосымша демалыс беріледі

admin_mugalzhar

Ұшақ билеттері 9 000 теңгеден: Қазақстандықтар үшін алты қалаға ұшу құнының жартысын мемлекет төлейді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.