«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ПОЭТИКАЛЫҚ МАРАФОН ӨТТІ

Қаракөл ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен оқушылар арасында «Біз Қадырды оқимыз» поэтикалық марафоны өтті.
Қадыр Мырза Әлінің шығармаларымен таныстырып, өлеңдерін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараға А.Жұбанов атындағы ЖББОМ-тің 4-сынып оқушылары қатысты.
Н.Камалбай ақынның «Досымбай осындай», А.Ерланқызы «Өшіргіш пен қарындаш», Р. Атырауова «Қала менің тұғырымдай», О.Калышев «Бұлт», Т.Қазымова «Шана», С.Иванов «Ана тілі» өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтып берді.
Шара соңында кітапханашы Ж.Талдыкова марафонға белсене қатысып, ақынның өлеңін нақышына келтіріп айтқан оқушыларға өз тарапынан сыйлықтар берді.

Ұқсас ақпараттар

Олжас ҮРІСТЕМОВ: АҚЫН БОЛУ — АРМАН ҒАНА ЕДІ…

admin_mugalzhar

Қандыағашта коворкинг орталығы ашылды

admin_mugalzhar

«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА» ҚОРЫ 10 ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ БАҒДАРЛАМА МЕН ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫП ЖАТЫР

admin_mugalzhar