Басшилілік ақын Олжас Маратұлы 1990 жылы наурыз айында дүниегекелген. 9 жылдық мектепті ауылында оқып, кейін10-11класты Қандыағаш қалалық №2 орта мектебінде жалғастырады. Мектеп қабырғасынан-ақ ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығына қызыққан ол қолына қалам алып, сырын жырға қосуды жөн көреді.
—«Әу» дегеннің бәрі ақын емес, әрине. Десе де бала күннен ақын жазушылардың шығармаларын оқып, ұнағандарын жаттап алатынбыз. Алайда, бұл жолға келеміндеп ойламаппын. 11 жылдық білімнен кейін Ақтөбе политехникалық колледжін аяқтап, Орал қаласындағы Жәңгірхан атындағы Батыс-Қазақстан инновациялық-технологиялық университетіне түсіп, жоғары білімді маман болып, өз салам бойынша жұмыс атқардым. Ара-тұра дос-жаран арасындағы той-жиындарда қолымызға домбыра алатынымыз бар еді. Сол отырыстарда көпшіліктің көзіне түсіп, аудандық мәдениет үйінің қызметкерлеріне «осындай өнерге жақын, ақынжанды бауырымыз бар екен» деген сөз жетіпті. 2014 жылы сол кездегі аудандық мәдениет үйінің директоры Гүлзира Абилова апайымыз маған хабарласып, Әйтеке бидің 370 жылдығына арналған ауқымды шара өткелі жатқанын, сол жерде ақындар айтысы болатынын айтып, соған қатысуға шақырды. Мен сәл жүрексінсем де нар тәуекелге салып, домбырамды арқалап, Әйтекебиауданынааттандым. Менің әдебиет, тарих, саясаттан хабарым айтарлықтай болмағанымен, барынша дайындығымды шамалап бардым. Алғашқы сахнам, алғашқы айтысым болғандықтан, қобалжу болды. Кілең «мен, мен» деген өнерпаздар жиналған, бірінің ұстазы бар, бірінің шәкірті бар, шынымды айтсам, олардың мысы басқандай болды. Бірақ мойымай, бағымдысынапкөргімкелді. Алғашқы айтыстағы қарсыласым Талғат Тілеулесдегенақынболды. Солайтыс өте тартысты өтті. Көпшіліктің ыстық ықыласына бөленіп, 4-орынды қанжығаға байлап келдім. Кейін де бірнеше жерге шақырту алып, айтыста бой көрсетіп жүрдім. Әскерде жүрген уақытымда ойымды қағазға түсіріп, өлең шығарып жүретінмін. Қазір жазуды қойғаныммен «төрт таған» тәсіліне салып, бір ойды төрт шумаққа сыйғызып, жырлатып жіберетініміз бар. Одан бөлек әлеуметтік желілерге мерекелік құттықтау, туған күн иелеріне, отбасыма, жақындарға арнап арнауөлеңдер жазып тұрамын. Шыны керек, ауданымызда айтыс өнеріне қолдаудың жоқтығынан, бұл өнер түрі көп дәріптелмегендіктен, менде бұл жол мен емес, басқа жолды таңдауыма тура келді. Сөйтіп айтыс жолымен уақытша қоштастық. Себебі айтысқа үлкен дайындық, ізденіс керек. Әдебиет оқып, тарихты танып, жаңалықтың бәрінен хабардар болып, саясаттан мақұрым болмай, бәрін бірдей ұстап жүруің де керек. Ал ол маған уақыттың жетіспеуі кесірінен қиындық туғызды. Қазір вахталық әдіспен жұмыс жасап, демалысымда той жүргізіп, келіндердің бетін ашып, асабалық қызметте жүремін. Мүмкін қолдау болып жатса, әрине, ақындық жолымды да алып жүрермін. Бәрі уақыт еншісінде. Қазір сол айтыста көрсеткен өнерімнің өзіме сақтап алған жерлерімен бөлісейін.
(айтыстан үзінді)
Жұтқан соң Мұғалжардың тау самалын,
Демігіп, аламан да шаршамадым.
Бұл тойда, саналы өлең айтып кетем,
Алдыңда шабытым кеп, жанса бағым.
Шабыт берер сендердің шапалағың,
Халқымнан басқа құрмет аңсамадым.
Ассалаумағалайкүм, ақсақалдар,
Күш-қуат тілеймін мен баршаға мың.
Армысыз, ақ жаулықты әжелерім,
Қаймықпас көрсе дағы қаншама мұң.
Аманба, ағалар мен жеңгелерім,
Көркіңе қарап сондай тамсанамын.
Айтыста сүріндірме сөзден Алла,
Өмірде болмаса да оншажолым.
Ат терлетіп кеп қалдым Қандыағаштан,
Артымда қалса-дағы қанша жолым.
Тойларың құтты болсын,
Әйтеке би Бабамның атын алған Комсомолым!
Айдана НАҒАШЫБАЙҚЫЗЫ