«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БОСАНҒАН ӘЙЕЛДІҢ ҚАЛЖАСЫН ДАЙЫНДАЙТЫН КҮТУШІЛЕР КӨБЕЙДІ

Елімізде жаңа босанған келіншектің қырық күн күтімін жасайтын «доула» қызметі көбейіп келе жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.
«Доула» – ежелгі грек тілінде қызмет көрсетуші деген мағынаны білдіреді. Елімізде соңғы он шақты жыл көлемінде тез таралып, қарқынды дамып келе жатырған қызмет түрі. Нақтырақ айтсақ, білікті қыз-келіншектер толғағы жеткен жас аналардың жанынан табылып, жеңіл босандырудан бастап, сәбиін қырқынан сәтті шығаруға дейінгі барлық жөн-жоралғысын жасайды.
Қазір доула орталықтарының нарықтағы бағасы 100 мың теңгеден басталады.
Бірақ дәрігер Сәуле Ибраева доула қызметшісінің дәрігерлік құқығы жоқ екендігін ұмытпауға шақырады.
«Доула жүкті әйелдердің толғақ кезіндегі серіктесі. Қазір мұндай қызмет түрі белең алып келеді. Ол медициналық қызметкер болмағандықтан толғақ немесе босану кезінде пациентке қандай да бір нұсқаулықтар бере алмайды. Диагноз қоя алмайды. Ол тек ана мен баланың көмекшісі. Дегенмен де дәрігер ретінде айтар кеңесім, босану кезінде әйел адамның жанында жақын адамы болғаны дұрыс», дейді ол.

Ұқсас ақпараттар

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СТУДЕНТ ЖАСТАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫ АРТТЫРУ

admin_mugalzhar

Аударыспақтан Қазақстан ұлттық құрамасы 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарына дайындықтарын пысықтап жатыр

admin_mugalzhar

ЖАҢА ЗАҢ: ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.