«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚАЗАҚСТАНДА 9 МЛН АДАМНЫҢ НЕСИЕСІ БАР

Бірінші кредиттік бюро деректері бойынша, 2024 жылдың қазан айының басында несие алушылар саны 8,9 миллион адамды құрады. Ал Ұлттық статистика бюросы мәліметтеріне сәйкес, еңбекке қабілетті жұмыс күші 9,7 миллион адамға жетті. Ол дегеніміз жұмыс істеуге қабілетті халықтың шамамен 92,3% несие бойынша міндеттемеге ие, деп хабарлайды Baq.kz сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.
2024 жылдың қыркүйек айының соңында несие портфелінің көлемі 31,5 трлн теңгені құрады, бұл 2023 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда 21,8%-ға немесе 5,2 трлн теңгеге артық.
Бұл ретте портфельдің үлкен бөлігін халыққа берілген неселер құрайды. Олардың 2024 жылғы орташа үлесі 61,1% болды. 2018 жылдан бері банк жүйесі негізгі клиентін бизнестен халыққа өзгертіп, 2018 жылы халыққа берілген несиелердің үлесі орташа есеппен 35,9% болса, 2023 жылы бұл көрсеткіш 59,4%-ға жетіп, 2024 жылы 61,1%-ға дейін артты.
BCC Invest сарапшыларының есептеуіне сәйкес, әйелдер жалақыларының орташа есеппен 40%-дан 70%-ға дейінгі бөлігімен несие төлей алады. Ал ер адамдар орташа есеппен айлығының 30%-дан 60%-ға дейінгі бөлігімен несие жабуы мүмкін.
2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша, аймақтық тұрғыдан халықтың несие портфелінің ең үлкен үлесі Алматы қаласында шоғырланған, ол 28,6% немесе 5 557,3 млрд теңге, Астана қаласында – 16,4% немесе 3 193,9 млрд теңге, ал Шымкент қаласында – 7,4% немесе 1 430,4 млрд теңге құрады.
Экономист Оразбек Мырзақұл Қазақстандағы несие алу дәл осылай жалғасса, өте үлкен экономикалық проблемалар туу мүмкін екенін айтады.
-Алынған несиелердің басым бөлігі тұтынушылық несиелер болып саналады. Ал біз тұтыну заттарын басқа шет елдерден импорттаймыз. Ол біздің импортқа деген тәуелділігімізді арттырады. Сонымен қатар сауда балансымыздың теріс болуына әсер етеді. Экономикамызда өндірісті дамытамыз деуіміз шындыққа жанаспайтын дүние болып қала береді, — деді Оразбек Мырзақұл.

Ұқсас ақпараттар

2025 ЖЫЛ: КОММУНАЛДЫҚ ТӨЛЕМ ҚЫМБАТТАДЫ

admin_mugalzhar

«Су тасқынына дайындық»: 1500-ден астам гидротехникалық құрылыс тексерілді

admin_mugalzhar

Келесі жылы ауыл шаруашылығы техникасын алуға 200 млрд теңге бөлінеді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.